"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2


БҰРЫН КӨП БОЛЫП ЕЛ АУЗЬІНА ІЛІНГЕН



Pdf көрінісі
бет31/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

БҰРЫН КӨП БОЛЫП ЕЛ АУЗЬІНА ІЛІНГЕН 
 
ШОРТАНБАЙДЫ, СОНАУ ФЕОДАЛИЗМ 
 
АҚЫНЫН, ЕНДІ БІЗ НЕГЕ СӨЗ ЕТІП 
 
ОТЫРМЫЗ?
 
Біздің заманымызда Шортанбай туралы айтылған пікір оның өз 
өлеңінен әлдеқайда көп. Таласу таусылмай келе жатыр, осының себебі 
не? Бұл сұраққа тікелей жауап берместен бұрын, Шортанбай жөнінде 
пікірлерін ортаға салған адамдарды атап өтелік. Шортанбай туралы
болсын, жалпы алғанда ескі мұраларды игеру жөнінде болсын, 1940 
жылдарға дейін «біріңғай» бетте келдік: өткеннің бәрі «оңбаған, 
феодализм, мистик; керітартпа» деп ат тонымызды ала қаштық. Ал енді 
40-
жылдардың басынан бері қарай мына 1947 жылдарға дейін бұрынғы 
сыңаржақтыққа қарама
-
қарсы бетке түстік. «Жоқ, бұрынғы пікіріміз теріс 
екен, бұл ескі ақындар феодализм жыршысы емес, мистик
-
діндәр
да 
емес, бұларда кері

тартпалық жок, халық жырлаған
-
бұқараның өз ақыны
127
 


екен» дестік. Дәлін айтқанда, 1942 жылы белді жазушымыз, белгілі 
ғалым
Сәбит Мұқанов «Қазақтың XVIII –
XIX ғасырлардағы әдебиетінің 
тарихынан очерктер» атты кітабында осы соңғы пікірді қолдады. Сонда: 
«Шортанбай кедейдің ауыр халін жай сыпаттаушы ғана емес, кедейге 
шын жаны ашитын ақын«–
дегенді айтты (124 бет).
1943 жылы «Қазақ әдебиетінің оқу құралында» профессор Қажым 
Жұмалиев те Шортанбайды феодализм ақыны дей отырып, оның 
«халықшыл» жағын баса көрсетті. Профессор Е. Ысмайылов та, тағы 
басқалар да сол бағытта болды.
Ал, бері
келе, былайша айтқанда, 1948–50 жылдарда шыққан «Қазақ 
әдебиетінің оқу құралында» профессор Жұмалиев бұрынғы пікірінен қол 
үзіп, сын көзімен қарап, дұрыс бағасын берді. «Шортанбай өз дәуірінде 
көп шындықтардың бетін ашты, кедейлердің ауыр тұрмысын көре білді, 
бай, болыс, ел билеуші әкімдердің жалпы еңбекші халықты қанап 
отырғандығын көрсетті. Бірақ осыларға Шортанбай феодал табының 
көзқарасымен жауап берді» дейді. (1950 жылы бесінші басылымының 
207-
бетІ) 1957 жылы «Қазақ әдебиетінің» 12 апрельде шыққан 15 
санында «Ана тілі мен әдебиет сабағы туралы» жазған мақаласында 
жазушы академик Сәбит Мұқанов Шортанбай туралы өз ойын ортаға 
салғанда, оның екі
-
жақтылығын атап
көрсетті. Сол 1957 жылы «Қазақ 
әдебиеті» газетінің бетінде Т. Нұртазин, Ы. Дүйсенбаев, Ғ. Мұсабаев, С. 
Нұрышев жолдастар пікір алысты. Әрбіреуі өзінше адал ойларын 
жариялады. Әрине, бұлардың біріне бірі қайшы келгендері де болды. 
Мысалы, Мұсабаев «Шортанбай діндәр емес, оның шығармаларындағы 
дін сөздері:
тегі, Қазан молдаларының жамау
-
жасқауы
болар» 
деп жорамалдаса, Нұртазин «жоқ, бұл мистик
-
ақырет ақыны» –
деп 
қарсы шықты. Шортанбай туралы пікірін айтқанда, әр автор түгіл, бір 
автордың да әр кезеңде әртүрлі айтқандары болды. Бірақ бәрін 
128 


талдап жатуға уақыт та, орын да жоқ. Сондықтан кейінгі 1957 жылы 
пікір алысуда аты аталған жолдастардың тірелген ортақ пікірін қысқаша 
айтып өтелік.
Олардың бәрі де бір ауыздан: Шортанбайды пайдаланайық, ол өз 
заманының елеулі ақыны, өзінің орнын берелік, оны Абайдан бұрынғы 
әдебиеттің көрнекті уәкілі етіп, марксше
-
ленинше сын көзімен қарап, 
екшеп, керегін кәдеге асыралық —
десті. Біз де осы пікірді жақтаймыз. 
Алайда, «осы таластардың тууына себеп не?» деген сұрақ тұр, бұған 
жауап бере кетпей болмайды.
Әрине, феодализм мен капитализм біріне
-
бірі қайшы тұрған екі 
формация
 
екені белгілі. Осы екі формацияның тоғысқан кезеңінде өмір 
сүрген Шортанбайда да қайшылық болуы заңды. Жаңа келген 
капитализм элементтерін: сауданың, ақшаның күшін, халықты қанаудың 
жаңа түрін Шортанбай өзінше түсінді, ақын оның кескінін, отарлау 
саясатының өкілдерін, парақор чиновниктер мен жебір болыстардың 
сыйықтарын, кедейлердің көрген зорлығын, капитализм дәуірінде 
күшейген мұсылман молдаларының да іс
-
әрекетін анықтап ашты. Өз 
заманындағы өмірдің шындығын бергенде, тайға таңба басқандай етіп 
бадырайтып
-
ақ көрсетті. Міне, Шортанбайдың бізге керекті жері осы. 
Ал, екінші жағынан қарасақ, Шортанбай өз кезіндегі көзіне түскен
кемшіліктерді міней келіп, келемеждеп, сорақылығын анық айтып бере 
алады да, Шоқан, Ыбырай, Абайларша жоғары көтеріле алмайды. 
Капитализмнің феодализмнің
анағұрлым жоғары формация екенін 
түсіне алмайды, кейін тартады.
Заман жауға кеткен соң,
Кім үлкенді сыйлайды?
Қыз сыйламас анасын,
Қыз, жігітте әдеп жоқ,
Зақұн айтып қатын тұр
Қойнында жатқа еріне,
Ағаны іні көрмейді,
Атаға бала араз боп...
Сызылып тұрған келін жоқ,
129 


Тергеп тұрған заман жоқ,
Күйерсің де пісерсің
Жанған отқа түсерсің...—
деп назаланып, өткенін көксейді де:
Заман кетті қырымға,
Бұрынғы, шіркін, заманның
Исі де келмес мұрынға,
Биттей нәрсе қалсайшы
Бұрынғыдан ырымға,—
деген өкініш жоқтауға тіреледі. Ескіні үлгі етеді, феодализмді аңсайды. 
Шортанбайдың бізге ұнамайтын жағы осы. Ендеше, осы таластардың 
шығуына ақынның өзі айыпты, өйткені бұл Шортанбайдың өз 
қайшылығы да зор ақын. Шортанбайдың қайшылығы –
сол заманғы өмір 
қайшылығының ақын санасындағы суреті ғой.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет