"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2


АҚЫНДАРДЫҢ АҚЫНЫ ӘЛ МҮТӘНӘББИ



Pdf көрінісі
бет34/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

АҚЫНДАРДЫҢ АҚЫНЫ ӘЛ МҮТӘНӘББИ
 
Тарихты сөз еткенде, Адам ата, Хау анадан қозғаудың қажеті жоқ; ол 
тарих емес, бағы заман аңыздары. Біз ақиқат өмірдің ғылыми 
тарихының шарлауынан өз соқпағымызды табайық.
Бізге мәлім нәрсе, үстіміздегі жыл санауымыздан алты жүз жыл бұрын 
фарсы елінде Кир патша болыпты, талай жерді шауып алып,
талай елді 
зар еңіретіпті. Бұдан екі жүз елу жыл кейін Іскендір Зұлқарнайын (Қос 
мүйізді Іскендір –
Александр Македонский) дулығасын басына осқырта 
киіп, Бунефалды астына мініп, біраз елдің төбесіне төніп, әңгіртаяқ 
ойнатыпты, Іскендірдің артын
-
ала тарих бетіне Рим мемлекеті 
шығыпты. Енді үстіміздегі жыл санауымыздан 632 жыл өтіп, Мұхаммет 
өлген соң, араб елі күшейіп шабуылға шығыпты, бұл ел 712 жылға дейін 
толлассыз соғысып, осы 80 жыл ішінде бұрынғы болған Фарсы, 
Іскендір, Рим мемлекеттерінен әлдеқайда озып кетіпті.Тарихшылар 
осылай дейді.
134
 


Араб елі өзінен бұрынғы елдерде болған жазуларды аударып, рухани 
мәдениетті күшейтуге кірісіпті. Бағы дүниедегі философ ғалымдардың, 
тарихшылардың
айтқандарын өз мүлкі етіп алады. Сократ, Диоген, Де

мосфен, Геродот, Платон, Эсхил, Софокл, Еврипид, Аристотель, Бейдауа 
(«Кәлилә мен Димнаның авторы) сынды даналардың шығармалары 
дүние жүзіне араб тілі арқылы тараған деседі.
Араб тілінде сөйлеген атақты
ғалымдарды санамай
-
ақ, атышулы 
ақындарына соға кеткеніміз жөн болар. Мысалы, Ақтал ақын (640–
710), 
Джарир (653–733), Фараздақ (641–732), эл Кумейт ибн Зейдал Асади 
(679
–734), Абу Нувас әл Хасан ибн Хани (762–813) тәрізді кесек ақындар 
ертеде болса керек. Беріректе оныншы ғасырдың жүйріктері: Абут 
Тайииб әл Мүтәнәбби, Аннами Әбул Әлә әл Мағарри,
Ибн Джинни тағы 
басқалары лек
-
легімен шықты, бұлардың арасында жалы кыңыры 
болмайды.
«Өлеңге әркімнің бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы»,—
демекші, жүйріктен жүйрік озып, суырылып шыққан оныншы ғасырдың 
дүлдүлі әл Мүтәнәбби болатын. Бірақ мұндай дарындылар өз заманында 
жарық
-
сәулені аз көреді. Елу жылдық өмірі қуғын
-
сүргінде өткен әл 
Мүтәнәббиді сөз етелік.
Ол А. С. Грибоедовпен тағдырлас.
Орыс халқының ардақты ақыны, атышулы драматургі, «Ақыл азабы» 
(«Горе от ума») атты пьесаның авторы, Александр Сергеевич Пушкиннен 
бес жас үлкен әрі ағасы, әрі досы, –
Александр Сергеевич Грибоедов еді. 
Ол 1825 жылы 14
-
декабрьде
«Сенат алаңында» бұрқ ете түскен 
декабристер көтерілісіне де қатысқан болатын. Осы көтерілістің 
басшылары: Пестель, Муравьевтардың жақын досы да –
А. С. Грибоедов. 
Сол үшін солармен бірге Петропавл қорғанына қамалған да –
А. С. 
Грибоедов.
135
 


Содан 18 күн қапаста отырып, жездесі генерал Паскевич арқылы 
босанып шыққан да –
А. С. Грибоедов, өйткені Бірінші Николай 
шаһзада күнінде Паскевич оның әскери командирі болған екен. Кезінде 
Кавказдың «жарты патшасы» атанған Паскевич туған балдызы А. С. 
Грибоедовты қамаудан босаттырып, артынша оны Иранға дербес уәкіл 
еткізіп жіберген
-
ді. Грибоедов қиыр шетте

Иранда жүріп, Ф. Б. 
Булгаринге жазған хатының басында әл Мүтәнәббидің бір ауыз өлеңін 
арабша келтірген болатын сонда: «Шаруль биль аз канала садық» («Шет 
жерде доссыз тұру көңілсіз
-
ақ
!» 

«Как скучно жить без друга!») депті. 
А. С. Грибоедовтың осы сөзін совет жазушысы Юрий Тынянов өзінің 
«Уәзір Мұхтардың өлімі» («Смерть Везиря Мухтара») деген романында 
келтіргенді. Алдыңғы Шығыс елі А. С. Грибоедовты «Уәзір Мұхтар» 
деп атаған, арабша, фарсыша, ағылшынша, немісше, французша өте 
терең білген ақын да, драматург та –
өзі, оның үстіне ұлы адам ғой ол!
Жоғарыда көрсетілген –
ақын Грибоедовтың аузына түскен өлеңнің 
иесі Әбут Тайииб әл Мүтәнәбби, грек философы Аристотельден кейін 
дүние жүзінің ұстазы болған, бағы заманғы казақ елінің ұлы ғалымы 
Әбунәсір әл Фарабидің (870–950) шәкірті және замандасы да –
әл 
Мүтәнәбби.
Айдай әлемге әйгілі арабтың атақты соқыр ақыны Әбуль
-
Әлә әл 
Мағарридың (979–1057) ағасы да, ұстазы да осы әл Мүтәнәбби. «Әл 
Мүтәнәббидің өлеңіндегі жалғыз ауыз сөзін түзетіп, оның орнына бір 
әдемі сөз кіргізіп өңдеймін деп ойламаңдар, егер осы сөзіме 
сенбесеңдер, байқап көріңдер! Мен де осылай түзеткім келіп, талай жыл 
талпындым,
бірақ бөгде сөзге ауыстырып, оны әсірелеудің мүмкіндігін 
таба алмадым. Осы айтқаныма нанбаған жан өзі байқап
көрер, сонда 
сөзімнің дұрыстығын өзі де ұғынар
-
ау!» –
деп оған мүлде табынған ғой 
әл Мағарри... Әрі қарай тағы бір кезеңде Әбуль
Әлә әл Мағарри өзінен 
бұрынғы
ақындардың ойларын зерттегенде:
136
 


«Әбу Нувас былай дейді екен; әл Бухтури (819–
897) 
алай деген екен; 
Әбу Таммам (805–846) осылай айтқан екен» деп отырып, мына әл 
Мүтәнәббиге келгенде: «ардагер шайырдың айтуынша» («поэт аш
-
Шаир») деп құрметтеп сөйлейтін болған. (Академик И. Ю. Крачковский, 
ІІ
-
том, М., 1956, 66 бет.)
Өз заманындағы үстем өкіметпен ауыз жаласпай, оған қарсы шыққан, 
сол қылығы үшін зынданға да қамалған, жер ауған, жігерлі ақын –
әл 
Мүтәнәбби; оны әмір Химсаның өктем дәуірі жұбата алмаған, сондықтан 
ол әмірді жақтайтын жарамсақ топас замандастарын да қатты сөгіп, жер 
жебіріне жеткізген: «Егер бір адам жұртты әбден таныдым десе, ол тек 
сырттай байқағанын ғана баяндайды, –
дейді әл Мүтәнәбби, –
ал мен 
болсам, олардан әбден жалықтым, өйткені олардың сүйіспеншілігі алдау, 
нанымы екі жүзділік екенін анық көрдім»

деген ғой. Тағы бір өлеңінде 
әл Мүтәнәбби: «Осы күнгі адамдар кекешті –
нағыз шешен ғалым деп 
таниды, олардың нағыз білгіші ақымақтың тап өзі, асыл тұқым 
дейтіндері –
үріп жүрген иттер, нағыз көрегендері –
соқырлар, 
мейірімдісі –
ұйықтап жатқан суыр, батыр дейтіндері –
су жүрек 
маймыл», –
деген екен. (Акад. И. Ю. Крачковский, II том, 77
-
бет.)
Үстіміздегі заманнан мың жыл бұрын әл Мүтәнәбби: «Бірімізбен 
біріміз жауласып, көзімізді құртуға тырыспайықшы, өйткені көздеп 
отырған ойымыздың өресі өте шағын, соншама құрбандық жасауымызға 
татымайды», –
деп ойын түйген
-
ді.
«Жастық –
тек
мастық болса, кәрілік –
тек қайғы
-
қасірет болса, онда 
өмірдің өзі де өлім екен ғой!» –
деген
де сол әл Мүтәнәбби. Заты, ол –
адамның әр дәуірінде өзіне лайық қызығы болады, соны ұға біл, ал 
түңілудің
түбі ажалмен аяқталады деп кесіп айтқан
-
ау, сірә!
Әл Мүтәнәббидің тұсында Испанияның Севилье қаласында туып 
(973-
жылы өлген) Ибн Хани әл Андалуси өз
137
 


отанында 27 жасқа дейін ғана тұрған ақын. Азаттықты көксеген еркін 
ойлы өлеңдері үшін Африкаға жер ауған, сонан Мысырдағы (Египет) 
Фатимидтер тұқымынан шыққан сұлтан әл Мұғиззбен (953–
975) 
жақындасқан екен. Жас ақын ибн Ханидың кенеттен қапыда өлгенін 
естігенде,
әлгі султан әл Мұғизз: «Шіркін
-
ай, осы адам арқылы Шығыс 
ақындарының бәрінен де жоғары атаққа ие болатын едік
-
ау, бірақ 
тағдыр бізге мұны қимаған екен ғой», –
депті. Бір кезде атақты араб 
тарихшысы ибн Халикан да (1211–1282): «Ерте күнде де, кейінгі 
заманда да Батыс ақындарының бұған тең келетіні болған жоқ. Олардың 
арасынан суырылып шыққан жалғыз ақын ибн Хани, ол Шығыс 
ақындарының ішіндегі әл Мүтәнәббиі еді», –
депті.
Ақынды ақын алыстан көреді демекші, біздің
терең ойлы А. С. 
Грибоедов та әл Мүтәнәббиді қиырдан таныған екен!
Адамзаттың ұлы ұстаздары: грек елінің Аристотелі, қазақ елінің 
Әбунәсір әл Фарабиі, арабтың ұлы ақындары: Абут–Тайииб әл 
Мүтәнәбби,
Әбуль
-
Әлә әл Мағаррилар, орыс халқының ардагер 
ақындары Александр Сергеевич Грибоедов, Александр Сергеевич 
Пушкин, тағы басқалары біздің бүгінгі жастардың күнде үлгі алып үй

реніп отыратын ұлы адамдары ғой. Комсомолдың III съезінде данышпан 
Владимир Ильич Ленин жастарды оқуға, білімге шақырды; сонда 
коммунизм жөніндегі ұрандарды жаттап алумен ғана тынбау керек 
екенін ескертті. Ғасырлар бойы адам баласының қолы жеткен та

быстарды меңгере білу керек екенін, адамзаттың бар ғылым
-
білімін 
білген адам ғана анық коммунист болатынын
ашық айтты Ленин. Ескі 
қоғамның мәдениетіне бәрі де ескі, бәрі де жаман деп қарамай, ескі 
мұраның жақсысы мен жаманын ажырата білу керек деп үйретті Ленин. 
Сол ескі мәдени мұрадан жаңа қоғам ісіне, жаңа адамдардың қажетіне 
жарайтынын іріктеп, сын көзімен талғап ала
 
білуге шақырды ол дана!
138 


Осы бір азғана дерек бүгінгі жастарымыздың керегіне жараса, одан 
үлкен бақыт жоқ, білгенімізді жеткізу біздің міндетіміз. Артық кеткен, 
кем соққан жерлерімізді тезге салу сендерге тиген сыбаға
болсын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет