"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2


 ШОРТАНБАЙ АҚЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет33/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

5. ШОРТАНБАЙ АҚЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ
 
Біріншіден: Шортанбай ақынның бұрынғы фольклор дәстүрінен 
недәуір алға кеткендігін көреміз. Өйткені Шортанбай өлеңінің варианты 
біреу
-
ақ. Екіншіден:
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол ақынның білімсіз бейшарасы,—
деп Абай айтқандай, Шортанбай сөзін ескі ақындарша бастамайды. 
Айтатын пікірін тура айтады. Бұрынғы ақындар төрт жолды өлең айтса 
да, шұбыртып жырлай жөнелсе де айтайын деген ойына тікелей қатысы 
жоқ,
басы артық сөздерді көп қыстыратын:
Тесіп алып, ендеше, тесіп алып,
Жылқы айдамай қайыңнан кесіп алып,
Аулың алыс кеткенде, беу қарағым,
Мен құрбыңды жүргейсің есіңе алып,—
5
*
 
131
 


дейтін еді. Осында айтайын
деген пікірі соңғы екі жолда тұр, ал 
бастапқы екі жол ақынның басында бұрын қалыптасқан ұйқастар.
Ал жырлардың басында да:
Бәленше сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді,
Асу да асу бел дейді,
Аса бір соқан жел дейді...—
деп шұбырта жөнеліп, өз ойын артынан ағытатын жыр 
дәстүрінен де Шортанбайдың озат тұрғандығы байқалады. 
Шортанбай көлденең сөздерді азайтып, тура өзінің нақтылы 
пікірін кесіп айтатын ақын.
Ескі фольклордан көркем әдебиетке, немесе тарихи әдебиетке 
таянған, бірақ ескі фольклор салтынан ат құ йрығын мүлде 
кесіспеген ақынға енді өлең кестесінде мегізінен, бұрынғы он бір 
буынды өлең мен 7–8 буынды жыр түрі ғана бар, басқа түр жоқ 
тәрізді.
Біздің ойымызша, Шортанбай ауыз әдебиеті мен жазба 
әдебиетінің арасында жатқан көпір. Бұрынғы көлденең сөздерден 
арылып, әлеумет мұңын жырлағанда айтатын сөзін сұйылтпай 
дәл айтқан, ойын бірсыдырғы көркем бере білген ақын. 
Метафораның ұлғайған түрін қолданып суреттейді:
Белгісі деген бейіштің
Жазғы бір салқын самалды,
Тарлығы деген тамұқтың
Қысқы суық амалды...
Алақандай ай мен күн
Ғаламның ортақ жарығы.
Ағаш көркі жапырақ

Адам көркі шүберек,
Шынарға біткен мақтадай.
Шырайлы болса алғаның,—
дейді.
Шортанбайдың осы өлеңінде артық сөз жоқ. Көздеген ойын 
табиғат құбылысы арқылы, теңестіру, халық шешендігі арқылы 
жеткізіп отыр.
132
 


Көпке тентек–аз қисық
Қамшыменен ій болар.
Ер басына күн туса,
Бұта түбі үй болар.
Жан жоламас жатқанға
Жүргенге жөргем ілінер,—
дейді. Ақындық тілді, афоризмді қолданады.
Қалықтаған сұңқар ем,
Қанатым сынды ұша алмай,
Қиядан кұзға түсе алмай...—
деп келеді Шортанбай. Ұластырылған эпитет, метафора мен 
параллелизм осы арада әдемі үйлескен. Осы тәрізді әдемі сөздің 
кестесі –
айтайын деген ойын оқырмандарына дәл жеткізуде 
Шортанбайдың өзінен
бұрынғылардан шеберірек ақын екендігін 
дәлелдейді. Сонсоң осы күні ақын Сәбит Мұқановтың ел аузында 
жүрген бір ауыз өлеңін де ескерген жөн болар. Ол:
Шерлі туған Шортанбай,
Қайрандаған шортандай,
Замана жүгін арқалап
Шірене сүйреп тарта алмай,—
дейді.
Әдебиет тарихын сөз еткенде, ауызша да, баспаша да халыққа 
көп тараған Шортанбай жөнінде үндемей өтуге болмас. 
Сондықтан марксшіл
-
лениншіл сын көзімен қарап, ғылыми 
тексеру,
Шортанбайдың өз орнын беру қажет дейміз.
ҚОРЫТЫНДЫ
1.
Шортанбай 
феодализм 
мен 
капитализмнің 
түйіскен 
дәуірінде туып өскен ақын. Өз заманында капитализмді ол 
түсінген жоқ, патшаның отарлау саясатына қарсы ақын.
2.
Шортанбай діншіл —
үлкен молда және айтысқа да түскен 
суырып
-
салма ақын.
133 


3.
Шортанбай халық арасына кен жайылған ақын, өйткені өзі дұрыс 
бағыт сілтей алмаса да, көп нәрсеге керітартпалық тұрғысынан қараса да, 
ол өз заманындағы әлеуметтік мәні бар зор мәселелерді қозғаған ақын.
4.
Қазақ өлеңін бұрынғы көлденең сөздерден
-
құтқарып, ауыз 
әдебиетін жазба әдебиетке карай жетектеген ақын.
5.
Шортанбай капитализм заманында болған ішкі қайшылықтарды 
көрсете білген, бірақ феодализм оның алғашқы аттанатын бекеті, сүйікті 
мекені.
6.
Шортанбай шығармаларының тіл жағынан мәні зор.
7.
Шортанбайдың мұрасы түгел жиналып, сұрыпталып, зерттеліп
аршылу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет