көрсеткендігі үшін жақсы көреді. Осы жерде ескерте кетелік, біз
ұстазымыз В. И. Лениннің пікірін айтқанда,
Шортанбайды Толстоймен
қатар қою үшін емес, ой жүйесін тиянақтаудың айғағы есебінде алдық.
Шортанбайдың Толстойға үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны мәлім ғой.
Жалғыз
-
ақ айтарымыз, Шортанбайдың қасиеті де шындықты дәл
айтуында. Капитализм
дәуірін суреттегенде, соның ішінде болған өз
қайшылықтарын ашып айтқанда, байлар мен кедейлердің жігі ашылғанын,
олардың өштесіп, біріне
-
бірі рақымсыз
бола бастағанын ақын батыл
көрсетеді, ендеше бұл жәйт Шортанбай өлеңдеріне ерекше көңіл аударуды
қажет етеді. Шортанбай өлеңінде араб сөздері кездеседі, бірақ жалпы елге
таныс сөздерді ғана алады, бұған қарағанда, заты,
оның діндәрлығы ескі
шағатай тілінде жазыған, ел арасына көп таралған «Бақырған, Хикмет,
Дақайық, Мұхамедиялар» көлемінен аса алмайтын сияқты. Солардың
әсерін қазақ әдебиетіне ала келген кісі болар.
Достарыңызбен бөлісу: