406
Сахабалар салған сара жол
Әбу һұрайраның омардың басшылыққа
тағайындау туралы ұсынысын
қабылдамауы
Әбу Һұрайрадан риуаят етілгені бойынша,
Омар оны әлдебір елді
мекенге басшы етіп сайлау
үшін шақыртады. Әбу Һұрайра оның бұл ұсынысын
қабылдамайды. Омар (р.а.):
– Сенен де қайырлы адам талаптанған қызметті
неге қаламайсың? ─ деп сұрайды. Әбу Һұрайра:
– Кім екен менен қайырлы? ─ дейді.
– Жақып пайғамбардың баласы – Жүсіп пайғамбар,
– деп жауап береді Омар (р.а.). Әбу Һұрайра (р.а.):
– Жүсіп (а.с.) –
пайғамбардың баласы, әрі өзі де
пайғамбар. Ал мен Үмәймаұлы Әбу Һұрайрамын. Мен
екі-үш нәрседен қорқамын, – дейді. Сонда Омар:
–
Бес нәрседен қорқамын десеңші, – дейді. Әбу
Һұрайра:
– Білмеген нәрсемді айтудан, негізсіз үкім беру-
ден, ту сыртымнан тиетін соққыдан, малымның қолды
болуынан немесе тартып алуынан және намысымның
тапталуынан қорқамын, –
деп жауап береді
410
.
Достарыңызбен бөлісу: