403
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
етемін, мен де Расулаллаһтың «Кім мұсылмандардың
біріне қандай да бір міндет жүктесе, ол адам қиямет
күні тозақ көпірінің үстіне тұрғызылады. Егер ол
өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарса, сол
тапсырманы берген адам да құтылады. Ал міндетін
дұрыс атқармаса, көпірдің тұрған жері қарс айыры-
лып, тереңдігі жетпіс жылдық қашықтықтан тұратын,
тас қараңғы шыңырауға құлайды» дегенін естідім. Ей,
Омар, сені осы екі хадистің қайсысы қынжылтты?» –
дейді Әбу Зәрр. Омар: «Екеуі де жүрегімді сыздатты.
Мұндай қауіп төніп тұрғанда, халифалықты кім мойны-
на алсын?» – дейді. Әбу Зәрр: «Халифалыққа тек Аллаһ
мұрнымен жер иіскетіп, төмендеткен адамы ғана та-
лаптана алады. Я, Омар, біз сені тек жақсы жағыңнан
білеміз. Егер халифалықты әділетсіз адамға тапсырсаң,
оның обалынан құтыла алмайсың!» – деді
404
.
Достарыңызбен бөлісу: