Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет90/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Е
кінші
 
Бөлім
сАХАБАлАрДыҢ 
пАЙҒАМБАрыМыЗ Бен 
ХАлИФАлАрҒА серТ БеруІ
Сахабалар Пайғамбарымыз бен халифаларға қалай 
серт берді? Серттің негіздері қандай еді?
1. МұСылМАн болу үшІн СЕРТ бЕРу
Бұл мәселеге қатысты Жәрир (р.а.) мына хадисті 
жеткізген: «Пайғамбарымызға 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
әйелдердің берген сертіндей серт бердік
186
. Үлкен 
күнәлардың ешқайсысын жасамай қайтыс болған 
адамға жұмақты уәде етті. Үлкен күнәлардың бірін 
жасап, шариғи жазаны тартып қайтыс болған адам 
үшін бұл жаза оның күнәсінің өтеуі екенін айтты. Со-
нымен қатар, үлкен күнәнің бірін жасап, күнәсі жасы-
рын кеткен адам есебінің де Аллаһқа тән болатыны 
баяндалады»
187
.
186
Мұндағы мақсат мына аят болса керек: «Ей, пайғамбар! 
Мүмін әйелдер Аллаһқа ешқандай сипатта серік қоспау
ұрлық жасамау, зинақорлық жасамау, балаларын өлтірмеу
өтірік айтып, жала жаппау, жолдан тапқан баласын күйеуіне 
телімеу, сенің оларға бұйырған мәселелеріңе қарсы келмеу 
үшін саған серт беруге келген кезінде сен олардың серттерін 
қабылда және олар үшін Аллаһтан кешірім тіле. Өйткені 
Аллаһ өте кешірімді, аса рақымды» (Мүмтахина, 60/12)
187
Хайсами, Мәжмауз-зәуаид 6/40 (9856)


220
Сахабалар салған сара жол
Мекке бағындырылған күні барша 
адамның Аллаһ пен расулына серт беруі
Әсуад (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм)
Мекке бағындырылған күні Сафаның 
төбесіне шығып, халықтың мұсылман болу және кәлима 
шаһадат айту үшін берген сертін қабылдады. 
«Кәлима шаһадат үшін серттің мақсаты не?» – 
деп сұрадым. «Аллаһқа иман келтіру, Аллаһтан басқа 
ғибадатқа лайық тәңір жоқ екеніне, Мұхаммедтің 
Аллаһтың құлы әрі расулы екеніне куәлік ету», – деп 
жауап берді».
Бәйхақи былай риуаят етеді: «Жеңіс күні үлкен-
кіші, әйел-еркек демей, барша халық Аллаһтың расу-
лына барды. Пайғамбарымыз олардың Ислам және 
шаһадат сөзіне қатысты сертін қабылдады»
188
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет