234
Сахабалар салған сара жол
Біз серт беруге қолымызды созғанда: «Мен бөтен
әйелдермен қол алыспаймын», – деді. Біз үшін Аллаһтан
кешірім сұрады. Осылайша серт бердік
206
.
Рұқайқаның қызы Үмәйя былай дейді: «Серт беру
үшін бір топ әйелмен бірге Пайғамбарымызға
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
барып жолықтық. Біз оған: «Уа, Расулаллаһ,
Аллаһқа еш нәрсені тең тұтпайтындығымызға, ұрлыққа
бармайтынымызға, зинақорлық жасамайтынымызға,
жала жаппайтынымызға, игі істерде саған қарсы кел-
мейтіндігімізге серт береміз», – дедік. Аллаһ расу-
лы: «Хал-қадірің жеткенінше», – деді. Біз де «Шы-
нында, Аллаһ пен расулы бізге өте мейірімді. Уа,
Расулаллаһ, қолыңды бер, саған серт берейік», – дедік.
Пайғамбарымыз: «Мен әйелдермен қол алыспаймын,
менің жүз әйелге айтқан сөзім мен бір әйелге айтқан
сөзімнің еш айырмасы жоқ», – деді»
207
.
Достарыңызбен бөлісу: