239
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
тиісуге батылы бармайтын. Ол қайтыс болғаннан кейін,
небір сұмдықтарды бастады» – дейді.
Әбу Һұрайра (р.а.) былай дейді: «Әбу Тәліп қайтыс
бола салысымен Құрайыштар небір қитұрқылықтарға
барып, Пайғамбарымызды
қорлықтан көз аштырмады.
Сонда Нәби
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Ей, көкешім! Орның
мұншалықты тез үңірейіп қалар деп ойламап едім!» –
деп, оған деген сартап сағынышын білдірген»
215
.
Пайғамбарымыздың Құрайыштардан
көрген қорлығы
Харис ибн Харистің айтуынша: «Бір күні әкемнен:
«Мына жиналғандар кімдер?» – деп сұрадым. «Арала-
рынан шыққан, дінінен тайған әлгі адам бар емес пе,
соның төңірегіне топтасқандар ғой», – деп жауап берді
әкем.
Олардың не деп жатқанын білуге құмартып,
қастарына жақындадым. Пайғамбар
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
көпшілікті Аллаһқа иман келтіруге шақырып тұр екен.
Ал олар оның ұсынысын қабылдамай, өзін мазақ етіп,
дөрекі қылықтар көрсетіп жатты. Күн сәске болғанда,
халық тарап кетті. Қарсы алдымыздан асығып-аптығып,
сүрініп-қабынып, келе жатқан,
алқымы ашылып кет-
кен, қолында құмырасы мен сүлгісі бар бір әйел шыға
келді. Аллаһ расулы (с.а.с.) құмыраға қол созып, суын
ішті, дәрет алып, басын көтерді де: «Жаным қызым,
алқымыңды жап, әкеңді еш уайымдама!» – деді.
Біз бұл әйелдің кім екенін сұрағанымызда, ол өзінің
қызы Зейнеп екенін айтты».
Мәнбитул-Әзди былай дейді: «Надандық дәуірінде
Пайғамбарды
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
көрдім. Ол: «Ей, адам-
215
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/134
240
Сахабалар салған сара жол
дар! «Лә иләһә иллаллаһ» деңдер,
ақыретте азапқа
ұшырамайсыңдар!», – дейтін. Адамдардың бірі оған
қарата түкіріп, бірі топырақ шашып, балағаттады.
Сөйтіп тұрғанда, күн түс болды. Қарсы беттен бір жас
қыз көрінді. Қолында су толы үлкен құмырасы бар.
Аллаһ расулы сол сумен беті-қолын жуды да: «Қызым,
қорықпа! Әкеңе
ешкім қастандық жасай алмайды,
масқара да ете алмайды», – деді. Мен ол қыздың кім
екенін сұрағанымда, жанымдағылар: «Ол – Аллаһ
расулының қызы – Зейнеп», – деді. Ол жүзі нұрлы,
жаны
жаздай жадыраған қыз болатын
216
.
Уруа ибн Зубәйр (р.а.) айтады: «Ибнул-Астан
мүшріктердің Пайғамбарымызға көрсеткен ең ауыр
қорлығы қандай екенін сұрадым. Ол былай деді:«Бірде
Расулаллаһ Қағбаның Хижр жағында намаз оқып
тұрғанда, Уқба ибн Әбу Муайт шыға келді. Киімімен
мойнын орап, бар күшін
салып оны буындыра баста-
ды. Сол кезде Әбу Бәкір (р.а.) келіп қалып, Уқбаның
иығынан кері жұлқи тартты.
«Қойсаңшы, бұл кісіні «Раб
-
бым – Аллаһ» дегені үшін өлтіргелі жатырсың ба? Ол
сендерге Раббыларыңнан қаншама мұғжизалар әкелді.
Егер ол өтірікші болса, өтірігі өзіне, ал шын сөйлеген
болса, онда дайын болыңдар: сендерді қорқытқан
Достарыңызбен бөлісу: