42
жазбаша аудармасы [1, 47-48-бб.];
жанрлық-стилистикалық
түрлеріне қарай:
1) көркем аударма; 2) ақпараттық аударма; 3)
ғылыми аударма; 4) ресми аударма; 5) публицистикалық аударма;
жарнамалық аударма [4, 94-108-бб.].
Сөзбе-сөз (калька) аударма
– тілдік бірліктің сыртқы нысанын,
ішкі мазмұнын нақпа-нақ, сол қалпында аудару дегенді білдіреді.
Калька амалы
– сөзжасамның бір жолы, тілдің сөздік құрамын
байытудың оңтайлы көзі деп есептелінеді. Ол қоғам дамуының,
тілдер арасындағы өзара ықпалдастықтың бір көрінісі және
бұл қоғамның саяси-әлеуметтік қай ағымымен жүрсе де тілдің
даму процесінен, қолданымдық қызметінен шегеріліп, шетке
шығарылмақ емес. Өйткені сөзбе-сөз аударудың ғылыми, оқу ағарту
салаларының, қоғамдық саяси және ресми стильдер тармақтарының
тілден тыс және ішкі тілдік айырым-сапаларын жеткізудің рөлі
жоғары. Әңгіме мынада: айталық ресми құжаттардың күрделі
түрлері де (мазмұндама, ереже, жарғы т.б.) қарапайым түрлері де
(кеңсе ісқағаздары) сөзбе-сөз тәржімаланады. Тілдік құралдардың
осылайша топтасуын қоғамдық-әлеуметтік фактор талап етеді.
Ресми құжаттың екі тілдегі нұсқасы нысаны (формасы), құрылымы
мен түзілімі жағынан дәлме-дәл болуға тиіс. Түпнұсқадағы
кейбір сөзді ауыстыруға, түрлендіруге, я болмаса аударуға қиын
соғатынды түсіріп тастауға, сөйлемдердің орнын ауыстыруға,
нақты айтқанда, ресми материалдың тілін қазақы табиғи қалыпқа
бейімдеуге болмайтындығының және лингвоэтникалық құзыреті
бар аудармашының бұған саналы түрде бармайтындығының себебі
осы: мәтіндердің құқықтық мәртебесінің бірдей екенін дәлелдеу
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: