46
Көркем аударма мәселесімен айналысушы ғалым Ә.Тарақов
ілеспе аударманың күрделілігін танытатын төмендегідей белгілерді
атап өтеді:
а) бір мезгілде тыңдап әрі сөйлеу қажеттілігіне байланысты
туындаған
психофизиологиялық дискомфорт;
ә) баяндамашы не жарыс сөзге шығушының микрофондағы
сөзінің қайталанбауына қатысты психикалық кедергі. Өйткені
баяндамашыны
тоқтатуға, болмаса түсінбеген, не қалып қалған
сөзін қайталап сұрауға болмайтындығы;
б) аударманың қайталанбауына және үлкен
аудитория
тыңдаушыларына байланысты психикалық кедергі. Аудармада
қателескенді қайта түзеуге болмайтындығы әрі кешірім сұрауға
келмейтіндігі;
в) сөз сөйлеудің жылдамдығына
байланысты психофизио-
логиялық кедергі [14, 36-б.].
Ғалым ілеспе аудармамен шұғылданатын аудармашыда қажетті
төмендегідей қасиеттер болу керек дейді:
а) аудармаға өзін-өзі бейімдей білу;
ә) ынта-зейінді сөйленген сөзге барынша бағыттау қабілеттілігі;
б) тосыннан туған кедергілерден шығуға қажетті қабілеттілік;
в) бірнеше тапсырмаларға бір
мезгілде зейін аудара білу
қабілеттілігі:
– іс-әрекет жылдамдығы;
– сөз сөйлеу шапшаңдығы;
– психикалық және ден күш-қуатының төзімділігі [14, 36-37-
бб.].
Достарыңызбен бөлісу: