House
of
Culture
– Дом
культуры – Мәдениет үйі
дегендер калька болып саналады. Калька
арқылы жасалғандарға
импорталмастыру (импортообмен),
үштік одақ (союз трех), жасыл көше (зеленая улица), төртінші
билік (четвертая власть), түзеткіш (выпрямитель), келтірілген
ұзындық
(
приведенная длина)
деген үлгілерді атауға болады.
Алайда калька – формалды аударма; жиі қолданысқа түскен
сөз және сөз тіркесі (терминдерден басқасы), калька үлгісінің
«сериялы» түрде жұмсалуы тілдік стереотиптердің пайда болуына
әкеледі
(
салыстырыңыз
: ақ алтын – қара алтын – жұмсақ алтын).
Сөйтіп, сөзбе-сөз аударма сөйлем, абзац деңгейінде, ал калька
аударма сөз, сөз тіркесі деңгейінде болады.
Көптеген зерттеулерде
дәлме-дәл аударма
деген терминді
кездестіреміз, бұның да калька, сөзбе-сөз аударма, әріпқойлық
37
дегендермен синонимдес жұмсалатын реттері жоқ емес. Әр атауды
нақтылай түсер болсақ, дәлме-дәл аударма – екінші тілде бар
бірнеше сәйкестіктердің біреуінің түпнұсқа мәтіннің мазмұнына
және ең бастысы – аударманы оқитын адамның ұлттық-танымдық
қабылдауына, тілдік деңгейіне сәйкес келуі. Мәселен, «На улице
идет снег» деген сөйлемнің бірнеше нұсқасын жасауға болады:
Көшеде қар келе жатыр ¦ Көшеде қар жауып ¦ Далада қар
жауып жатыр тұр
Алғашқысы – калька компоненттерге құрылған сөзбе-сөз
аударма; екнішісінде ауызекі сөйлеу тіліне тән ерекшеліктер бар.
Соңғы вариант –түпнұсқаға толық сәйкес келетін дәлме-дәл балама
аударма болып табылады; бұлай деуімізге себеп – қазақ ұлтының
концептілік ұғымына, сыртқы дүниені қабылдау, пайымдауынан
қалыптасқан тәжірибесіне негізделген тілдік бірліктер алынған
(шынайы қазақы ұғым үшін тұрғынжайдан тысқарының бәрі
«
дала
», сондықтан әрдайым «
далада
» деп айтылады), іс-әрекеттің
дәл осы сәтте жүріп жатқандығын көрсететін тұлға (
жауып тұр
)
жұмсалған. Лингвомәдени құзыретке ие аудармашы нұсқалардың
үшіншісін ғана таңдайды, соңғы вариант түпнұсқадағы ақпараттың
мазмұнына сәйкес, қазақ әдеби тілінің нормалары сақталған,
қабылдаушының ұғымына сәйкес келетін дәлме-дәл балама
балып бағаланады. Қорыта айтқанда, дәлме-дәл аударма жазбаша
тәржімаға көбірек тән; аудармашы бірнеше варианттардың
қатарынан дәлме-дәл баламаны таңдай алады.
Бұл термин орыс тіліндегі «адекватты» дегенге балама ретінде
ұсынылып отыр, осы аталымды кейбір еңбектерде «
сайма-сай
аударма
» деп беру де ұшырасады.
Еркін аударма
дегеніміз, атаудың өзінен көрініп тұрғанындай,
түпнұсқаның екінші тілде барынша еркін жасалуы. Бұл –
субъективті құбылыс, яғни бір мәтінді әр аудармашы өз бетінше
еркін түрде жасаса, олардың туындылары мазмұны сақталғанымен,
құрылымы жағынан әр бөлек болады. Еркін аудармада құрылым
сақталмайды, жалпы мазмұн қысқартылып немесе ұлғайтылып
ұсынылады, бұнда трансформацияның барлық тәсілдері игеріледі.
Бұл сипаттар қазақ аударматануындағы алғашқы еңбектердің
бірінде жан-жақты қарастырылды [10]. Көптеген ғалымдар еркін
38
аударманы тәржіманың ең жоғарғы деңгейі деп есептейді [11]. Бұл
– көркем әдебиет жанрларын, әсіресе поэзияны тәржімалауда жиі
игерілетін тәсіл.
Аударматану ғылымының өзекті терминдерінің тағы бірі –
сәйкестік
.
Аударма қызметінің лингвистикалық теориясының қалып-
тасуының алғашқы кезеңдерінде зерттеушілер іргелі мәселелердің
бірі ретінде
сәйкестік, аудармадағы заңды сәйкестік
ұғымдарын
атаған болатын [12]. Бұл түсініктің енгізілуі аударма ісін
процес ретінде танып, оған тілдік тұрғыдан талдау жасауға
мүмкіндік берді. Ғалымдар аударма жасау барысында тіларалық
сәйкестіктердің болатындығын және олардың белгілі бір
заңдылықтарға бағынатындығын дәлелдеді. Алайда бұл терминге
байланысты орыс тіл білімінде де, қазақ аударматану ғылымында
да әлі де болса түйінді мәселелер баршылық. Біріншіден, әлемдік
лингвистикадағы ғалымдардың сәйкестіктерді топтастыруға
келгенде, тұжырымдары әртүрлі, ал қазақ мәдениетіндегі аудармаға
арналған пікір-көзқарастарда нақтылық жоқ.
Зерттеуші Я. Рецкер сәйкестіктерді үш топқа ажыратады:
а) балама (эквивалент); ә) ұқсастықтар (аналоги); б) баламалы
ауыстырулар [12]. Ал Л.Бархударов әр тілдегі сөздердің
семантикасында елеулі айырмашылықтар болатындықтан,
семан-
тикалық сәйкестіктерді
атайды да, олардың негізгі түрлері
толық
сәйкестік
,
ішінара сәйкестік және сәйкестіктердің болмауы
деп
ұйғарады [1]. Басқа еңбектерден
абсолютті сәйкестік, вариантты
сәйкестіктер
де болады деген ой ұшырасады.
Жалпы алғанда, бұл – қазақ аударматану ғылымы үшін орыс
тілінен қазақ тіліне аударылған материалдардан алынған тілдік
фактілердің негізінде өз алдына жеке зерделеуді күтіп тұрған
мәселе; біз осы ұғымның нені қамтитындығына шолу түрінде ғана
тоқталмақшымыз.
Сәйкестік –
түпнұсқа мәтіннің тілдік бірліктеріне аударылатын
тілден таңдалынатын вариант; варианттардың бірі. Ол толық
сәйкестік болуы мүмкін, бұл, әдетте, түпнұсқадағы сөзге, сөз
тіркесіне екінші тілдің арнаулы сөздіктерінде берілген бастапқы
мағынадағы сөз дегенді білдіреді. Екі тілдегі тілдік бірліктер
мағынасы, функционалды қолданысы жағынан толық дәрежеде
39
тұспа-тұс келеді. Бұндай тілдік бірліктер контекске тәуелді
болмайды, жеке, контекстен тыс тұрғанда да мағыналары тұспа-
тұс келеді. Мәселен, орыс тіліндегі
понедельник;
қазақ тіліндегі
дүйсенбі,
ағылшын тіліндегі
Monday
толық, абсолютті сәйкестік,
эквиваленттер болып саналады. Л.Бархударов жер-су атауларын
(мыс.,
Москва – Мәскеу
), ғылыми-техникалық терминдерді толық
сәйкестікке жатқызады. Я.Рецкердің эквивалент деп отырғаны да
осыған саяды.
Екі тілдің лексикалық единицаларын салыстыру кезінде
түпнұсқадағы сөздің лексикалық мағынасына аударылатын тілдегі
сөздің бірнеше семантикасы сәйкес келген жағдайда
ішінара
сәйкестік
пайда болады. Қазақ тіліндегі
жүрдек
деген сөздің орыс
тілінде бірнеше мағынасы бар
: быстроходный, скорый, резвый.
Тәржіма ісінде түпнұсқадағы тілдік бірліктің қандай сөзбен
тіркесімге түсіп тұрғандығын ескере отырып, осылардың бірін
таңдау – контекстуалды сәйкестікті, функционалды сәйкестікті
іріктеп алу деген сөз.
Сәйкестіктердің болмауы
деген терминнің аясына екі тілдегі
баламасыз лексика (мысалы, Африка елдерінің тілдерінде
қар –
снег
деген сөз жоқ), ұлттық реалий атаулары (мысалы,
шаңырақ,
сәукеле
), кісі есімдері енгізіледі.
Аударматану ғылымындағы еңбектерде жиі қолданылатын
аудармашының лингвомәдени құзыреті
деп аталатын термин
маманның төмендегідей қабілеті, деңгейі, жинақтаған тәжіри-
бесінің көлемі болуы қажеттігін білдіреді:
•
екі тілді бірдей меңгеруі;
•
екі немесе бірнеше халықтардың мәдениетінен толық
хабардар болуы;
•
тілдерге қатысты аялық білімді (мәдени фондық ақпаратты)
толық меңгеруі;
•
тілдердегі идиомдық, образды құралдардың мағыналық
реңктерін терең түйсінуі;
•
түпнұсқа мәтіннің жанрлық сипатын ажырата білуі;
•
аударылатын тілде оқитын адамның ұлттық-мәдени,
танымдық қабылдауын ескеруі;
•
аударманың стратегиясын айқындайтын аударма нормаларын,
аударудың тәсілдерін, трансформациялау жолдарын жетік меңгеруі;
40
•
көркем аударма жасау ісінде шығармашылық қабілетінің
болуы.
Сөз соңында ескертеріміз – қазақ әдеби тілінің айналымында
аударма – тәржіма – тәржіме; аудармашы – тәржімашы –
тәржімеші; аударматану – тәржіматану
деген терминдер
жарыса қолданылады және олар әдеби норма болып танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |