5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет107/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Негізгі дағдылар
Оқушылар:
• түрлі деректерден тақырыпқа сәйкес қажетті 
ақпараттарды анықтап, қолдануды;
• сақ қорғандарының құрылыстарын, қорғаннан 
табылған ескерткіштерді суреттер арқылы сипаттай 
алуды;
• сақ қорғандарын өзара салыстырып, ерекшелі-
гі мен ұқсастықтарын анықтауды;
• мемлекеттердің шегараларын, маңызды гео-
графиялық нысандарды картадан көрсетуді; 
• уақыт сызығымен жұмыс жасауды; 
• мәтін мен суреттер құрастыруды;
• өз пікірлеріне дәйектер келтіруді; 
• мәтіннің негізгі идеясын анықтауды;
• сабақ барысында алған білімі мен түсініктерінің 
негізінде оқиға желісі сақталған әңгіме құрастыруды 
үйренеді.
Қосымша әдебиет
 
• Ж. Артықбаев, Ә. Пірманов. Қазақстан тарихы. 
Ғылыми-танымдық басылым. – Алматы: Атамұра, 
2013. – 550 б.
• О. Жанайдаров. Көркемсуретті Қазақстан та-
рихы. I том. – Алматы: Қазақстан энциклопедиясы, 
2006. – 310 б.
• Жайнақов Е. «Ұлы дала мемлекеттері». – Алматы: 
«Аруна Ltd», 2010. – 215 б.
• Ғалиев А., Жайнақов Е., Жұмаханов А. Көшпен-
ділердің ұлы шайқастары. – Алматы: «Аруна Ltd», 
2014. – 192 б.
• З. С. Самашев. "Мәдени мұра" Ұлттық страте-
гиялық жобасының кітап сериялары. – Алматы: Тай-
мас, 2011. – 234 б.
Ойланып көрейік
Оқушылар грек, рим, парсы деректерінде сақ тай-
палары туралы мәліметтердің 
болуы
көптеген саяси 
жағдайларға байланысты деп айтуы мүмкін. Сақ-пар-
сы қарым-қатынасы барысында парсылардың 
соғысып жатқан тайпалар туралы қызығушылығы 
мәліметтердің жазылуына септігін тигізді. Кейбір ба-
лалар грек авторларының Александр Македонский 
жорықтарымен сақ жеріне бірге келуі де мүмкін де-
ген болжамдар айтуы мүмкін. 
Грек және рим тарихшылары Геродот, Страбон, 
Арриан, Полиен, Диодор, Плиний, Помпей Трог, 
Птолемей, Страбон және ежелгі парсы сына жазба-
лары сақтардың өмірі, тұрмыс-тіршілігі туралы жет-
кілікті мәліметтер береді. Өз заманында aвтopлар 
сақтарды «дұшпaнғa қaтaл, дocқа aдaл» бoлған дeп 
cуpeттeйді. Ктесий: «Сақ әйeлдepі epжүpeк кeлeді, 
coғыс қaупі төнгeндe epлepіне көмeк көpceтіп, 
ұрыcқа apaласады» деп жазады. Сонымен қатар грек 
тарихшылары сақтарды «oлаp әлeмдeгі eң әділ, eң 
шыншыл хaлық», – деп сипаттаған. Сақтар бала кезі-
нен әскери іс-қимылдарға жаттығып, қару-жарақтар-
ды ерте танып, садақ атудың шеберлерлері болған. 
Сақтардың негізгі қаруы садақ пен ұзын найза болды. 
Қазақстан жерінде сақ дәуірінен сыр шертетін 
археологиялық ескерткіштер көп. Олардың ішінде 
ерекше тарихи құнды жәдігерлерімен сипатталатын 
Есік, Бесшатыр, Берел сияқты ескерткіштер бар. Сақ 
қорғандары халықтың рухани мәдениеті, тұрмысы 
және дүниетанымы туралы мағлұматтар береді. Со-
нымен қатар сақ қоғамында орын алған әлеуметтік 
өзгерістерді де осы қорғандарды зерттеу арқылы 
білуге болады.
Сақтар өз елін сыртқы жаулардан қорғауда батыр- 
лықтың жарқын үлгілерін көрсетіп, елдерін парсы-
лардан және грек-македондықтардан сақтап қалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет