5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет105/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Бағалау мүмкіндіктері 
Сабақ барысында оқушылар оқу мақсатына 
жету үшін, түрлі тапсырмаларды топтық, жұптық 
жұмыс арқылы орындайды. Олардың жас ерек-
шеліктері мен дағдыларын ескеріп, қабілетіне қарай 
түрлендіру керек. Оқушыларды «Анықтаңдар», 
«Дәлел табыңдар», «Талқылаңдар» деген айдармен 
берілген тапсырмаларды орындау барысында 
бағалауға болады. Олар «Көкпар» сөзінің 
мағынасын айта алады; көшпелілердің ас беру 
рәсімінің маңыздылығын біледі; көкпар ойынының 
салт-дәстүрге айналу себебін дәлелдер келтіріп 
анықтайды. "Саятшылық кәсіп пе әлде өнер ме?" 
деген сұраққа кем дегенде екі дәлел келтіреді. Топтық 
жұмысты бағалау үшін оқушыларға кесте ұсыныңыз. 
Кестеде сыныптағы топ санына байланысты бағана 
беріліп, әр бағанаға топтың атауы жазылады. Оқушы 
топтың атауы жазылған бағанаға сол топ спикерінің 
айтқан мәліметтерін жазып алып отырады. Бұл кесте 
оқушылардың жұмысты жүйелі орындап, топтық 
жұмысты бағалауына мүмкіндік береді.
Қосымша тапсырмалар 
Оқушыларға «Ата дәстүр – асыл қазына» деген 
тақырыпта шағын әңгіме жаздырыңыз. Салт-дәстүр 
мен әдет-ғұрыптарға байланысты айтылатын кем 
дегенде бес мақал-мәтел жазып келуді тапсыруға 
болады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың ұлттық 
дәстүр мен құндылықтар туралы білімдерін артты-
рады.


66
66
Тараудың қорытындысы 
Оқыту нәтижелері
Оқушылар:
• ерте темір дәуірінде адамдардың металды қалай 
игергенін және Қазақстан аумағында орын алған 
өзгерістерді сипаттады;
• қола және темір дәуірінің еңбек құралдарын 
салыстырып, айырмашылықтарын түсіндірді;
• ерте темір дәуірінің ерекшеліктерін анықтады;
• еңбек өнімділігінің арту себебін сипаттады;
• Қазақстанның табиғи-географиялық ерекше-
ліктеріне байланысты шаруашылықтың көшпелі
жартылай көшпелі және отырықшы болып бөлінуін 
анықтады;
• киіз үйдің көшпелілер үшін қолайлы баспана 
болғанын анықтады;
• киіз үйдің құрылысы мен түрлерін ашып көрсетті;
• көшпелілерден бүгінгі күнге дейін жеткен салт-
дәстүрлерді анықтап, маңызын түсінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет