Оқулық: Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы,
64-65-бет.
Зерттеу сұрағы:
көшпелілердің қандай салт-
дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды?
Сабаққа байланысты деректі
материалдар
Бүгінгі күні күнделікті өмірде кеңінен қолданылып,
ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан
салт-дәстүрлер бар. Оларға көкпар, саятшылық,
аударыспақ, аламан бәйге және т.б. жатады. Олар
бастапқы кезде күнкөріс пен кәсіп түрі болып, бертін
келе дәстүрге айналған. Көшпелілер жауынгер халық
болғандықтан, бұл дәстүрлердің барлығы ат үстінде
жүзеге асқан. Себебі, көшпелілердің күнделікті
өмірінде жылқы басты рөл атқарған. Сонымен бірге
бұл дәстүрлер адамдардың мергендігін, ептілігін,
жылдамдығын, күш-қайратын арттыратын болған.
Олар күнделікті өмірде осындай дәстүрлерді жүзеге
асыру арқылы нағыз хас жауынгерге айналған.
Көкпарда тapтылaтын сеpкенi бip адам өңгеріп алып,
екі-үш шaқыpымдaй жердегі белгіленген жepгe
aпapып тacтайды. Тapтыcқа шыққaн адамдар көкпар
жатқан жерге барады. Олар бір-бірімен таласып,
серкені жерден іліп алудың амалын қарастырады.
Бірінші iлiп алған адам көкпарды тақымына басып,
қарсылысына бepмeугe тырысады. Оған өзінің
серіктері көмектеседі. Ал қарсыластары көкпарды
тартып алмақшы болады. Көкпарды алған адам оны
межелі жерге алып қашады. Қарсыластары соңынан
қуады. Жетіп үлгерсе, қайта тартысады.
Ал саятшылық – көшпелілердің ғажайып өнерінің
бірі. Бұл – жыртқыш құстарды аң-құстарға салу
арқылы аңшылық құру. Саятшылық күнкөріс қамы
ғана емес, сонымен қатар көңіл көтеру, денені
шынықтыру, қызықтау және спорт ретінде танылған.
Бұл өнер көшпелілер даласында өте ерте дамыған.
Құстың тілін, мінез-құлқын, жан дүниесін, қасиеті мен
табиғатын білетін адамдар болған. Жыртқыш құсты
бабына келтіріп, аң-құстарды аулауды үйретудің
өзі бір ғылым. Мұның құпия сырын құсбегілер өте
жақсы білген. Саятшылар мен аңшылардың күтетін
ең сәтті күні – сонар (қансонар). Қансонар – жерге
алғашқы жауған қар аңның бейқам жайылып, тіпті
жаңа ғана қашып өткеніне дейін білдіреді. Сөйтіп,
саятшылық көшпелілер табиғаттың тыныс-тіршілігін,
қыр-сырын терең меңгергендігінің дәлелі болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |