5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет110/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Жауаптары
Б.з.д. І мыңжылдықта Қазақстанды 
сaқ тaйпaлаpының мекендегені туралы ахеменидтік 
сына жазбалар және антик авторларының жазбала-
ры арқылы білеміз. Сақтар туралы археологиялық 
мәліметтер де бар. Сабақта біз жазбаша деректер-
мен танысамыз. Бұл мәтін
дегі
деректер Қазақстан 
аумағын мекендеген сақ тайпалары туралы құнды 
ақпараттар береді.
Баға беріңдер
Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арт-
тыру үшін рөлдік ойын ойнатуға болады. Әр оқушы 
мәтінді жеке оқиды. Теориялық материалды оқыған-
нан кейін, неліктен грек авторлары сақтар туралы 
жазғанын сұраңыз. Оқушылар алғашқыда жұптасып, 
сосын екі жұп бірігіп топтасады. Олар антикалық 
дереккөздердің маңыздылығын анықтап, оқыған 
ақпараттарын қорытып, түйінін жасайды да, оны хат 
ретінде рәсімдейді (А4 пішініндегі параққа жазады, 
түтікше етіп орайды). Барлығы шеңбер болып тұрып, 
мұғалімнің «Жарлық кетті!» деген бұйрығымен хат-
ты шеңбер бойымен жібереді. «Жарлық келді!» 
дегенде тоқтап, әрқайсысы өз қолына түскен жар-
лықпен танысып, дауыстап оқиды. Осылай бірне-
ше рет қайталағанда, оқушылар бірнеше адамның 
пікірлерімен танысады. Ойын аяқталған соң, өзінің 
ойына келмеген қандай жаңа ақпаратпен танысқа-
нын, ол ақпараттың неліктен ұнағанын талқылайды. 
Сабақ барысында оқушылардың әр сұраққа жауап 
жазғанын қадағалап, олардан ойларын жинақтап, 
басқалармен бөлісуін сұраңыз. Тақырыпқа байла-
нысты оқушыларға бағыттаушы сұрақтарды қойып, 
қолдау көрсетіңіз.
Жауаптары. 
Сақтар алыс-жақын көршілес ел-
дермен тығыз қарым-қатынас орната білген. Гректің 
сол дәуірдегі белгілі тарихшылары сақ тайпалары 
туралы көптеген мәліметтер жазып қалдырған. Се-
бебі, сақтар жауынгер, батыл, әділетті халық болған. 
Олар өмір сүрген елде алтын мен мыс көп кезде-
скен. Жылқы малын көп өсірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет