5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет113/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

"Миға шабуыл"
Оқушылар сыныпқа кіріп келгенде тақта-
да Геродот тың «Тарих» еңбегі мен Страбонның 
« География» кітабының суреттерін іліп қойыңыз. 
Оқушылар белгілі бір уақыт ішінде суретке байла-
нысты бес сөз жазуы тиіс. Сосын олар жазған ақпа-
раттарын құрдастарымен алмасып, талқылайды. Бұл 
талқылау жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын 
ашуға ықпал етеді. Оқушылардың болжамдарын 
тыңдап, ойларын толықтыру мақсатында қосымша 
сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетіңіз.
Ойланыңдар
Не себепті грек авторлары сақтар туралы жазды?
Бұл сұраққа жауап беру үшін сынып оқушыларын 
бірнеше топқа бөліңіз. Топтық жұмысты тиімді ұй-
ымдастыру мақсатында оқушыларға тапсырма кри-
терийлерін ұсыныңыз немесе өздері құрастыруын 
тапсырыңыз. Мысалы, 
топ спикерін өзара тағайындау;
• берілген уақытты тиімді пайдалану;
• топтық жұмысқа барлық оқушы қатысу;


3-тарау. 
Сақтар
71
• өзге топ спикері жұмыс қорғаған кезде мұқият 
тыңдау;
• құрдастарының пікірін құрметтеу.
Геродоттың «Тарих» атты трактаты мен Страбонның 
«Географиясынан» үзінділерден кеспеқағаз жасап, 
оқушыларға ұсыныңыз. Оларды "Ұқсас", "Ұқсас емес" 
және "Екі жақты" деп үшке бөледі. Ал постерді екі 
бөлікке бөледі. Ұқсастарын оң жаққа, ұқсас еместерін 
сол жаққа жапсырады. "Екі жақты" деген кеспеқағазды 
ортаға қояды. Неліктен бұлай орналастырғанын түсін-
діріп, қорғайды. Грек авторларының еңбектеріндегі 
сақтар туралы жазылған үзінділерден қандай жаңалық 
білгендерін айтып, талдайды. Мұндай тапсырмалар 
оқушылардың сыни тұрғыда ойлау және коммуника-
тивтік дағдыларын дамытуға арналады.
Жауаптары. 
Сақтар егін екпей, үй малдарын 
өсірген. Балық аулаған. Күнге табынып, оған арнап 
жылқыны құрбандыққа шалған. Алтын мен мыс 
өте көп. Жауынгерлері шайқас кезінде алтын белдік 
таққан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет