Сақтар 75
са, соғұрлым археологтарға сақтар туралы көбірек
мәлімет алу мүмкіндігі болатынын оқушы түсінуі тиіс.
Жауаптары. 1. Археологтар Есік обасынан 1969
жылы «Алтын адамды" тапты. 2. К.А. Ақышев зерттеуді
басқарды. 3. Есік обасы Алматыға жақын, Іле өзенінің
жағалауында орналасқан. 4. «Алтын адам» – жауын-
гер, тайпа көсемі. 5. Ежелгі тайпалардың мәдениеті,
өнері, діні туралы құнды деректер берді.
Археологтан сұхбат алыңдар "Археологтан сұхбат алыңдар" тапсырмасын жұп-
та орындатыңыз. Оқушылар алдымен археолог
К.А. Ақышевтың естелігін оқып танысады. Бір-екі
оқушыға мәнерлеп оқытыңыз. "Археологтың сезімі
қандай?" деп сұраңыз. Әрі қарай тапсырманы орын-
датыңыз. Оқушылар жұптасып, археологқа арнап үш
сұрақ құрастырады. Жұп сұрақтарды талқылау үшін
келесі жұппен бірігеді, өзара сұрақтарына баға бе-
реді. Сұрақтарын стикерге жазып, дайындалған А3
форматындағы қағазға жапсырады. Топтағы ең үздік
сұрақты атауларын сұраңыз. Оқушылардың сұрақта-
рына археолог рөлінде жауап беруіңізге болады.
Оқушылар археолог ғалыммен толығырақ танысуы
үшін К. Ақышев туралы ақпаратты ұсыныңыз.
Кемал Ақышев 1924 жылы Баянауыл жерінде дүни-
еге келді. Қазақстан археологиясының дамуына зор
үлес қосқан көрнекті археолог, ғалым. 1954 жылдан
бері қарай Оңтүстік Қазақстан, Жетісу археологиялық
экспедицияларының жетекшісі әрі ұйымдастырушы-
сы болды. Ол бүгінде әлемге танымал Бесшатыр қо-
рымындағы сақ қорғандарын, «Алтын адам» ескерт-
кіші табылған Есік обасын, аңызға айналған Отырар
қала жұртын, ежелгі және көптеген ортағасырлық
мәдениет ескерткіштерін анықтап, қазба жұмыстарын
басқарды. 1998 жылы К. Ақышевтің басшылығымен
археологиялық экспедиция Астана маңындағы Бозоқ
қаласын ашты. Оның Қазақстан тарихы мен археоло-
гиясы жөнінде 200-ден аса ғылыми еңбектері жарық
көрді. «Парасат» орденімен марапатталған.