3-тарау.
Сақтар
73
дап, сұраққа жауап береді. Жылдам әрі дұрыс орын-
даған топ жеңімпаз атанады.
Жауаптары.
Сақтар туралы жазылған ахеменид-
тік сына жазбаларға Персеполь, Накш-и-Рустамдағы
жазбалары, «Бехистун» жазулары жатады. Бұл дерек-
тердің барлығында сақ тайпалары «сака» деп берілсе,
ал оның мағынасы «құдіретті ерлер» деп түсіндіріледі.
Ахеменидтік сына жазбалары сақ тайпалары туралы
анық мәліметтер береді. Қасиетті авеста кітабында
сақ тайпалары «жүйрік атты турлар» деп жазылған.
Анықтаңдар
Сынып оқушыларына: «Парсы сына жазбала-
ры және антик авторларының мәліметтері негізінде
сақтардың мекендеген аумағы туралы қандай бол-
жам жасайды?» Бұл тапсырманы орындау мақсатын-
да «Сақтар қайда мекендеген» деген шағын мәтінді
оқуды ұсыныңыз. Оқушыларға келесі қадамдарды
орындатыңыз. Оларға алдын ала дайындалған Қа-
зақстанның кескін картасының үлгісін таратып беріңіз.
Картаны бес бөлікке: оңтүстік, солтүстік, шығыс, ба-
тыс, орталық деп бөлуді тапсырыңыз. Олар әр бөлік-
ке сақ тайпаларының мекендеген аймақтарын жазып
көрсетеді. Бұл тапсырма оқушылардың есте сақтау
және кеңістікте бағдарлану дағдысын дамытады. Жас
ерекшеліктеріне байланысты тақтаға картаны оқушы-
лармен бірге сызып, қажет болған жағдайда қолдау
көрсетіңіз. Тапсырманы орындағаннан кейін, инте-
рактивті тақтадан немесе тақтаға сызып дұрыс нұсқа-
сын көрсетіңіз. Оқушылар тақтадағы дұрыс нұсқамен
өз жұмысын салыстырып толықтырады.
Жауаптары.
Солтүстік-Шығыс Қазақстанда – ари-
маспылар, Солтүстікте – аргипейлер, Батыс Қазақстан-
да – сарматтар, Орталық Қазақстанда – исседондар,
Оңтүстік Қазақстанда – масагеттер мен сақ-тиграха-
удалар мекендейді. Антикалық дереккөздерде "Opтa
Aзия мен Оңтүcтік Қазақстанда «сaқ» деген тaйпaлаp
өмір сүрген" деп көрсетілген. Парсы сына жазба-
ларында олардың тұрған жерлері ретінде Мургаб
өзенінің алқабы, Тянь-Шань тауларының маңы, Жеті-
су өңірі, Арал теңізінің маңы, Қара теңіз жағалауы,
Каспий теңізінің шығысынан Жетісуға дейінгі аймақ
көрсетілген. Яғни, бұл екі дереккөздегі мәліметтер бір
аймақты сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: