Тірек сөздер
тиграхауда
парадарайа
хаумаварга
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге
дейін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Ежелгі Қазақстан. Қазақстан балалар энци-
клопедиясы топтамасы. – Алматы, Аруна, 2011.
3. Көркемсуретті Қазақстан тарихы. I том. – Ал-
маты, 2006.
Оқулық: Сақтар туралы тарихи мәліметтер,
72-73-бет.
Зерттеу сұрағы:
қандай деректер сақтар
туралы мәлімет береді?
Сабаққа дайындық
• сыныптағы топ санына сәйкес ватман дайын-
даңыз;
• Қазақстанның кескін картасының үлгісін алдын
ала басып шығарып, сыныптағы оқушылардың жұп-
тасқан санына сәйкес дайындаңыз.
Сабаққа байланысты деректі
материалдар
Көне парсы жазбаларында сақтарды үш топқа бөледі.
Ғалымдардың пайымдауынша, хаумаварга-сақтар
Мұрғаб өзенінің алқабында, тиграхауда-сақтар Тянь-
Шань тауларының маңында, Жетісуда өмір сүрген.
Парадарайа-сақтар Арал теңізінің маңында мекенде-
ген. Тигpaхaуда сақтары, негізінен, қазіргі Қазақстан-
ның оңтүстік-шығыс бөлігін және Жетісуді мекен-
деген деп есептеледі. Антик авторларының кейбір
дepeктерінде хaумаварга-сақтapды aмюргия-caқтары
дeп те aтaған. Бұл сақ тайпалары eжeлгі Бaктpия мeн
Мapгиaна aймақтapы, Әмудapия, Мұpғaб өзeндepінің
жaғалаулapындa өміp сүpгeн. Cөйтіп, жaзбaша де-
ректемелер б.з.д. VII–IV ғасырлардағы Қaзақcтaн ау-
мағына бірқатар тaйпaлар мeн тайпалық топтарды
орналастыруға мүмкіндік береді. Оңтүстікте: тигра-
хауда-сақтар, грек деректемелеріндегі масагеттер
жәнe дaх (дaйлаp), солтүстік-шығыста: аримаспылар.
Жалпы алғанда, бұл тайпалар тілі жағынан туыс жәнe
opтақ мәдeниeті бар сақ дәуірінің көшпелі тайпалары
болып табылады.
Сабаққа қатысты ескертпелер
Бұл сабақта оқушылар ахеменидтік сына жазба-
лармен танысады. Сабақ "дәлел" концептісінің не-
гізінде құрастырылған. Оқулықтан алған мағлұматты
сабақта қолдана отырып,
оқушылар
сұрақтарға жа-
уап табуға, бірлесе жұмыс істеуге үйренеді. Оқыған
материалдары негізінде ахеменидтік сына жазбалар-
дағы сақтардың мекендеген аумақтарын картадан
белгілеп, антик авторларының еңбектеріндегі де-
ректермен салыстырады. Сақтар жайында жазылған
антик авторлардың жазбаларына және ахеменидтік
сына жазбалардың құндылығына баға береді. Топтық,
жұптық, жеке жұмыс барысында оқушылар өз бел-
сенділіктерін барынша танытады. Өз ойларын жеткі-
зе алады. Оқушылар дереккөздер мен ресурстардың
көмегімен тапсырмаларды орындап, дереккөздер
арасындағы сабақтастықты анықтап дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |