5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет99/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер 
Бұл сабақта көшпелілердің салт-дәстүрлерін та-
ныстыру арқылы халқымыздың ұлттық құндылықта-
ры түсіндіріледі. Сабақ "дәлел" концептісінің негізін-
де құрастырылған. Оқушылар салт-дәстүрлердің 
қолданылу себебін анықтайды. Алған ақпараттары 
негізінде бақылау жасауға, сұрақтар қоюға, өз ой-
ларын білдіруге үйренеді. Сабақтың негізгі идеясы 
– әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді құрметтеуге 
тәрбиелеу. Оқыған материалдар негізінде жұмыс 
түрлерін орындау барысында критерийлерді құрас- 
тырып, өз белсенділіктерін барынша танытады. Кри-
терийлер бойынша жұмыс жасау дағдысы қалып-
тасып, дереккөздер мен суреттерді пайдаланып
тапсырмаларды орындайды. Оқу мақсатына қол 
жеткізу үшін жұптық, топтық тапсырмалар орында-
луы тиіс. 
Оқушылар тақырып бойынша «Білемін. Білгім 
келеді. Білдім» стратегиясымен жұмыс жасайды. 
Тақтаға үш бағанадан тұратын кесте сызыңыз. Бұл 
кестені мүмкіндік болған жағдайда интерактивті 
тақтадан көрсетіңіз. Оқушылар кестені жұмыс дәп-
теріне сызып, «Білемін» деген бірінші бағанасын 
толтырады. Яғни, тақырып бойынша олар өздері 
бұрыннан білетін салт-дәстүр түрлерін жазады. 
«Білгім келеді» деген екінші бағанасына бүгінгі са-
бақта не білгісі келетінін көрсетеді. Осы екі бағана 
сабақтың алғашқы кезеңінде толтырылады. «Білдім» 
деген бағанасына бүгінгі сабақта жаңадан не білгені 
туралы жазады. Бұл әрекет сабақ соңында жасала-
ды. Сабақтың қорытынды кезеңінде «Білемін. Біл-


2-тарау. 
Ежелгі көшпелілер өмірі
63
гім келеді. Білдім» стратегиясына қайта оралыңыз. 
Оқушылар сабақтың соңында бүгінгі жаңа тақырып 
бойынша нені білгендерін «Білдім» деген бағанаға 
жазуы қажет. Мұнда мұғалім сабақтың басында 
тақтаға сызылған кестенің алғашқы екі бағанасын 
оқушылармен бірге өзі де толтыруы керек. Екінші 
бағанадағы сұрақтарды басшылыққа алып, оларға 
жауап беру арқылы үшінші бағананы толтырыңыз. 
Осы кезде оқушылар да жұмыс дәптерлеріндегі ке-
стені толтырып отырады. 
Білемін
Білгім келеді
Білдім
Ойланыңдар
Сынып оқушыларына «Бүгінгі күнге дейін жеткен 
салт-дәстүрлер қалай пайда болды?» деген жалпы 
сұрақ қойыңыз. Осы сұраққа берілген жауаптар сіз-
ге тақырыпты ретті әрі жүйелі түрде ашуға мүмкіндік 
береді. Оқушылар жұмыс дәптерлеріне өз жауапта-
рын жазған соң, тақтаға мынадай сұрақтарды жазып 
қойыңыз: "Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?" 
Бұл сұрақтар тақырыпты әртүрлі қырынан зерттеуге 
және қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қа-
тар әрбір сұрақ жаңа сұрақтарды дамытуға немесе 
құрастыру үшін қолданылуы мүмкін. Оқушылардың 
әр сұраққа жауап жазғанын қадағалаңыз. Жауаптар 
жазылып болған соң, олардан ойларын жинақтап
басқалармен бөлісуін сұраңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет