2-тарау.
Ежелгі көшпелілер өмірі
63
гім келеді. Білдім» стратегиясына қайта оралыңыз.
Оқушылар сабақтың соңында бүгінгі жаңа тақырып
бойынша нені білгендерін «Білдім» деген бағанаға
жазуы қажет. Мұнда
мұғалім сабақтың басында
тақтаға сызылған кестенің алғашқы екі бағанасын
оқушылармен бірге өзі де толтыруы керек. Екінші
бағанадағы
сұрақтарды басшылыққа алып, оларға
жауап беру арқылы үшінші бағананы толтырыңыз.
Осы кезде оқушылар да жұмыс дәптерлеріндегі ке-
стені толтырып отырады.
Білемін
Білгім келеді
Білдім
Ойланыңдар
Сынып оқушыларына «Бүгінгі күнге дейін жеткен
салт-дәстүрлер қалай пайда болды?»
деген жалпы
сұрақ қойыңыз. Осы сұраққа берілген жауаптар сіз-
ге тақырыпты ретті әрі жүйелі түрде ашуға мүмкіндік
береді. Оқушылар жұмыс дәптерлеріне өз жауапта-
рын жазған соң, тақтаға мынадай сұрақтарды жазып
қойыңыз: "Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?"
Бұл сұрақтар тақырыпты әртүрлі қырынан зерттеуге
және қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қа-
тар әрбір сұрақ жаңа сұрақтарды дамытуға немесе
құрастыру үшін қолданылуы мүмкін. Оқушылардың
әр сұраққа жауап жазғанын қадағалаңыз. Жауаптар
жазылып болған соң,
олардан ойларын жинақтап,
басқалармен бөлісуін сұраңыз.
Достарыңызбен бөлісу: