5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет97/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Тұжырым жасаңдар
Оқушыларға оқулықтағы келесі мәтінді оқуды 
тапсырыңыз. Бұл тапсырма жұппен орындалады. 
Дәйексөздер (цитата) оқушыларға үлестірмелі кес-
пе қағаз түрінде таратылып беріледі. Оқушылар оны 
жұппен талдайды. Одан кейін топпен талдайды. Тал-
дау аяқталған соң «Деректер қаншалықты маңыз-
ды?» деген сұрақ қойыңыз. Оқушылардың жауабын 
тыңдаған соң, мысал келтіруін сұраңыз. Оқушыларға 
дәйексөздердің ортақ ұқсастығын табуды тапсы-
рыңыз. Әр тапсырманы орындау кезінде белгілі бір 
уақыт беріп, оқушыларды уақытты тиімді пайдала-
нуға бейімдеңіз.
Жауаптары. 
Дәйексөздерде берілген мәліметтер 
бойынша көшпелілердің баспанасы туралы ақпарат 
алуға болады. Көшпелілер баспанасының құрылы-
сы мен сәулеті шетелдік саяхатшылардың және 
зерттеушілердің назарын аударған. Олар киіз үйдің 
құрылысы мен сапасы жайында өз еңбектерінде 
жазған. Бұдан біз киіз үйдің қайталанбас ерекше 
баспана болғанын түсінеміз. Көшпелілердің осын-
дай баспананы ойлап табуы әлемдік өркениеттің да-
муына қосқан үлкен үлесі деп білеміз.
Ойланыңдар
Оқушылардың сыни тұрғыда ойлау және шығар-
машылық дағдысын қалыптастыру үшін, «Әлемнің 
мәдени жетістіктеріндегі көшпелілер баспанасының 
алар орны қандай?» деген тақырып ұсыныңыз. Осы 
сұрақ төңірегінде бірнеше тапсырма беріңіз. Олар: 
екі сұрақ құрастыру, сурет салу, 50–70 сөз көлемін-
де шағын әңгіме, радиохабарлама немесе жергілікті 
басылымға мақала жазу. Оқушылар өздері таңдаған 
бір тапсырманы орындайды Оларға тапсырмалар-
ды орындауға қажетті критерийлерді ұсыныңыз. 
Бұл тапсырманың жүйелі және нәтижелі болуына өз 
септігін тигізеді. Мысалы, жеке көзқарасы, деректер
дәлелдер, дәйексөздер келтіру, сауаттылық. 
Бағалау мүмкіндіктері
Сабақ барысындағы оқушылардың белсенділі-
гі мен оқу материалын меңгергенін арнайы кри-
терийлер бойынша анықтауға болады. Оқушылар 
"Анықтаңдар", "Тұжырым жасаңдар", "Ойланыңдар" 
деген айдармен берілген тапсырмаларды орындау 
арқылы тақырып бойынша өз білімдерін көрсетеді. 
Олай болса, оқушылар киіз үйдің жабдықталуын 
біледі; көшпелілердің қолданбалы өнері туралы 
түсіндіреді; киіз үйдің жабдықталуының кем дегенде 
екі ерекшелігін анықтайды; дәйексөздердің идеясын 
түсіндіреді; дәйексөздердің ортақ идеясын анықтай-
ды; дәйексөздердің кем дегенде екі ұқсастығын 
анықтайды. Осы тапсымаларды орындаған оқушы-
лар бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет