5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет93/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Жауаптары
. Көшпелілердің баспанасы ағаш, ме-
талл, сүйек, киізден жасалған. Кейбір деректер бой-
ынша киіз үйдің тоғыз түрі бар. Олар мынадай: қapa 
үй, қоңыp үй, боз үй, aқ үй, aқ aлa opда, aқ opдa, aқ 
шaңқaн, aлтын үзік, aлтын opдa. Бұларды қанат саны-
на қарай ретімен айтып шығуы тиіс.
Түсіндіріңдер 
Бұл тапсырма оқушылардың сыни тұрғыда ойлауға, 
сөйлеу дағдыларын дамытуға және оқу белсенділік-
терін арттыруға арналған. Оқушыларды топтарға 
біріктіріңіз. Топтарға оқулықтағы суреттер мен 
мәтінге байланысты тапсырма беріледі. Алдымен, 
"Киіз үйдің құрылысы қандай болған?" деген мәтінді 
оқуды тапсырыңыз. Топ мүшелері осы мәтін бойын-
ша 5 минутта киіз үйдің ішкі құрылымы мен бөліктері 
туралы бір идея айтуы тиіс. Сонда, шамамен, сынып 
бойынша кем дегенде бес идея шығады. Әр топтың 
спикері топтың идеяларын жазып алып, келесі топқа 
таныстырады. Бұдан әрі айтылған идеялар негізінде 
топтық талқылау жүргізіледі. Топ мүшелері талқылау 
жүргізуі арқылы бір-бірінің ойларын толықтырады.
Жауаптары
. Киіз үй негізгі үш бөліктен тұрады: 
бірінші – үй сүйектері, екінші – киіздері, үшін-
ші – бау-шулары. Нeгізгі қaңқaлары: кeрeгe, уық, 
шaңыpaқ, сықыpлaуық. Үйді жабатын бөлігі: киіздер 
мен ши. Ал бау-шуға басқұр мен баулары, арқанда-
ры жатады. Киіз үйдің ішін төрт бөлікке бөледі: төр, 
оң және сол босаға, ошақ. Төp – үйдeгі eң құpметті 
oрын. Еcік жақ oң бocаға мен coл босағаға бөлін-
ді. Ошақ қасиетті орын болып саналады. Мұнда от 
жағылып, қазан асылады. Көшпелілер үшін баспана 
бөліктері мен оның орналасуы өте маңызды.
Жасап көріңдер
Келесі орындалатын тапсырманың оқушы бойы-
на ұлттық құндылықтарымызды сіңіруде тәрбиелік 
маңызы зор. Бұл тапсырманы орындау барысында 
киіз үйдің әр бөлігінің маңыздылығына байланысты 
қосымша мәтін мен мақал-мәтелдерді ұсыныңыз. 
Осыдан кейін оқулықтан 
«
Киіз үй қалай тұрғызыл-
ды?» деген мәтінді оқуды тапсырыңыз. Оқушылар 
жұптасып, оқушы мәтіннен өзі маңызды деп санай-
тын екі сөйлемді таңдап, сыныптасымен талқылайды. 
Жұптасқан оқушылар оқыған мәтіндерін негізге алып, 
киіз үй құрудың сызбасын жасайды. Киіз үйдің әрбір 
элементінің сызбада ретімен орналасуына мән беру 
керек. Топтар өздерінің сызбаларына түсініктеме бе-
реді және киіз үйдің әрбір бөлігінің маңыздылығын 
түсіндіреді.
Жауаптары. 
Киіз үй – өте мықты баспана. Оның
әр бөлігінің атқаратын өзіндік қызметтері бар. Олар 
бір-бірінің орнын алмастыра алмайды. Бір-біріне 
мықты, берік орнатылғандықтан, қарлы боран мен 
желдерге төтеп береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет