Сабақ Тақырыбы: Киіз үйдің ағаштан жасалған қаңқасы, киіздері және ішкі жасауы



Дата07.04.2017
өлшемі1,13 Mb.
#13504
№ 124 орта мектеп


Ашық сабақ


Тақырыбы: Киіз үйдің ағаштан жасалған қаңқасы, киіздері және ішкі жасауы

Сыныбы; 8 ә

Орындаған С Есжанов

2013 – 2014 оқу жылы

Облысы Қызылорда

Ауданы Жалағаш

Ауылы Ақарық

Мектеп №124 орта мектеп

Пәні технология

Аты – жөні Есжанов Сейлбек Адилханович



Сабақтың тақырыбы:

Киіз үйдің ағаштан жасалған қаңқасы, киіздері және ішкі жасауы

Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларға ұлттық қол өнер бұйымдарын жасаудағы қазақ халқының асқан шеберлігін көрсете отырып, киіз үйдің ерекшелігін, жасау технологиясың үйрету

Дамутышылық мақсаты: киіз үйді жасау, әрлеу, әсемдеу, бояу технологиясын терең меңгере отырып шеберлігін дамыту, өнерге деген ынта – қабілетін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: ұлттық қол өнерді қастерлеуге, ұқыптылыққа, өнердегі сұлулықты түсіне білуге тәрбиелеу. Техниқалық қауіпсіздік ережесін түсіндіру, үнемі есте ұстауға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: киіз үйдің жалпы және ішкі көріністері бейнеленген суреттер, технологиялық карта, жұмысқа қажетті құрал – саймандар, өлшеу құралдары және сызбалар.

Керекті құрал – жабдықтармен материалдар: ағаш немесе фанер, бұрғы, ара, шегелер, қажау қағаз, жұқа киіз, ПВА-желімі, бояулар.



Пәнаралық байланыс:

сызу, математика, тарих, бейнелеу өнері




  • Технология

    • Тарих

    • Киіз үйдің жасалу тарихы, жүнді өңдеу

    • Математика

    • Геогметриялық фигуралар, өлшем алу

    • Бейнелеу өнері

    • Түрлі ою-өрнектер, әрлеу, бояу

    • Сызу

    • Сызба түсіру, киіз үй қаңқасын моделдеу

  • Сабақтың түрі: аралас сабақ

  • Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, зертханалық жұмыс

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушының сабаққа
қатысын тексеру.
2. Оқушының жұмыс
орнын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасы:

Жүннен жасалатын қол өнер
бұйымдары тақырыбы бойынша
пысықтау сұрақтары.
ұяшықты таңдап
сұраққа жауап беру.


Киізден шашақтап әшекейлеп жасалган ыдыс – аяқ салатын дорба қалай аталады? Аяққап

Қойдың жазғытұрымғы ұйысқан салалы жүні қалай аталады? Жабағы

Ас пісіретін қазанды оттан көтеріп, күйдірмеу, күйе жұқтырмау үшін жасалған екі қолғап қалай аталады? Тұтқыш

Киізден ойып жасалатын төсеніш қалай аталады? Сырмақ.

Табиғи талшық түрлеріне не жатады? Жібек

Ағаштан жасалған әшекейлі сандық, оған азық-түлік салынады, бұл қалай аталады? Кебеже

Ердің артына бөктеріп жүру үшін екі басты етіп жасаған бұйым қалай аталады? Қоржын

Жүн сабауға арналып, ірі малдың терісін шикілей керіп, кептіріп жасалатын заттың аты не? Тулақ

Жазғы киімдердің сыртынан кию үшін түйе жүнінен жіңішкелеп иіріліп, тоқыған киім аты не?

Шекпен


III. Мақсатын түсіндіру кезеңі.

Ағашты қолмен өңдеу кезінде сақталуға тиісті қауіпсіздік ережесі:

Жұмыс басталғанға дейін:


  1. Арнайы киімді кию.

  2. Құрал-жабдықты түгендеу.

  3. Шеберүстелдегі артық заттарды алып, қажет құрал-жабдықтарды ретімен қойып шығу.

Жұмыс барысы:

      1. Шеберүстелге қысқыш пен өңделетін дайындаманы мықтап бекітеді.

      2. Жақсы ұшталған, өткірленген құрал-жабдықтарды арналуына қарай қолданады.

      3. Технологиялық операцияларды (аралау,жону,бұрғылау,қашау т.б) арнайы бөлінген орында, тіреуіш, төсеніш тақтай, бейімделгіш құралдарды пайдаланып, шеберүстелінде орындайды.

  1. 4. Жұмыс жасап жатқанда басқа оқушыларға кедергі жасауға болмайды. Жұмысты берілу реті бойынша орындау керек.

  2. 5. Шеберүстелін қалдықтардан, жонқалардан тазартып отырады.

  3. 6. Ағаш өңдейтін шеберханада ашық отты, электрқыздырғыш аспаптарды қолдануға қатаң тиым салынады.

Жарақат алудан сақтану:

      • жақ тәрізді араның төсемін қатты тартып, орналастырып, аралағанда ара төсемін арнайы бағыттағышпен бағыттап отырады;

      • сүргімен, бұрғымен жұмыс істеген кезде құралдардағы жоңқаларды арнайы ағаш сынамен тазалайды;

      • жұмыс істеп тұрған құрал бұзылып істен шығып қалса, оны тез арада мұғалімге айтып, алмастырады.

Жұмыс соңында:
- аяқталмаған жұмыс материалдарын мұғалімге немесе кезекшіге өткізу;
- құрал-жабдықты қайта өз орнына қою;
жұмыс орнын сыпырғышты пайдаланып жинастыру (үрлеуге не болмаса, қолыңмен сүртуге болмайды);
- шеберүстелде сыналарды түгендеу, ал қысқыш құрылғыларды қажет саңылау қалдырып, бұрандалау (3-5 мм дейін)керек.





  • IV. Сабақтың негізгі бөлімдері:

1.Теориялық

2. Зертханалық

3. Қорытындылау

  1. Теориялық бөлім бойынша оқушыларға киіз үйдің қаңқасы, киіздері және ішкі жасаулары жайлы мағлұмат беру.

Киіз үй бұл ежелден келе жатқан қол өнер туындысы. Ата-бабамыз мал баққан, көшпелі қоныс аударып жүретін халық болған.

Сондықтан киіз үйді көшіп-қонуға жеңіл, әрі ыңғайлы, жылы тұрғын үй ретінде пайдаланған. Киіз үйді қазақ халқының материалдық мәдениетінің үлкен жетістігі деп қарауға болады. Өйткені біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайды.

Оны бір жерден екіші жерге атпен немесе түйемен тасымалдауға, тез тігіп, тез жығуға болады. Оның киіздерінен қыста жауын-шашын өтпейді,жылуды сақтайды,жазда күннің ыстығын өткізбейді. Қазіргі кезде киіз үйді жазда жайлауда тігеді, ал қалада кез келген мерекелік жиын киіз үйсіз өтпейді.

Киіз үй берік ағаштан жасалады. (қайыңнан,талдан).

Киіз үйдің сүйегін үйшілер жасайды. Қажетті ағаштар 6 ай немесе 1 жылдай көлеңкеде кептіріледі. Үйшілер бұл ағаштарды қажетінше жонып, морға, қоламтаға салып, балқытып, тезге салып түзетеді. Үй сүйегіне арналған ағаштарды түзетіп, шауып, қырнап болғаннан кейін, тағы да морға салып, кереге,уыққа,күлдіреуішке лайықтап, белгілі үлгіге келтіріп құрастырған.

Киіз үйдің қаңқасы 4 бөліктен құралады. Олар:

Қанат яғни кереге, уықтар, шаңырақ, есік. Кереге құрайтын ағаштарды желі, оның ұзынын ерісі, қысқаларын сағанақ деп атайды. Желілерді тесіп, қайыстар арқылы көктейді. Уық – кереге мен шаңырақ арасын қосатын негізгі бөліктің бірі. Киіз үйде есік екеу болады: ішкі есік – сықырлауық ағаштан жасалады, екіншісі – киіз есік, киізден жасалады, ол сықырлауықтың сыртынан жабылады. Киіз үй жасау үшін әртүрлі ағаштар қолданылады. Кереге мен уығына – тал, шаңырағына – қайың, есігіне – қарағай немесе қайың тақтайлар пайдаланылады. Кереге жақтауларын,уықтарды және шаңырақты өсімдіктердің тамырынан жасалған бояумен бояйды

Киіз үй жабуын қолданылуына қарай 4 түрге:

Негізгі жабу – туырлық, күмбез сырық жабуы – үзік, шаңырақ жабуы – түндік және ірге жабуы – іргелік деп бөледі. Киіз үйдің қажетті белгісінің бірі кереге мен туырлық екі ортасына орналасқан өрнекті шым ши. Мұндай шым шиді шөл қамыс құрағынан жасайды.

Киіз үйдің ішкі жасауы алуан түрлі заттардан және бұйымдардан тұрады. Олар: төсек ағаш, кебеже, сандық, жүкаяқ, адалбақан сияқты ағаш жиһаздар кіреді.

Әрбір киіз үйде былғарыдан және ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар болады: қымызға – саба,торсық, оны құю үшін – ожау, шара, тостаған, сол сияқты метал бұйымдар мосы, құман т.б болады.

Киіз үй төсенішіне ақ-қоңыр сырмақ, текемет, киіз, алаша жатады. Кілем тоқитын аймақтарда киіз үй еденіне тек қана киіз емес сонымен бірге кілем, алашалар да төсейді. Киіз үй жасауын кестеленген баулар толықтырады. Олар: күмбезден төмен қарап салбырап тұратын уық бау, киіз жабуларды бекітіп ұстап тұратын туырлық бау, үзік бау, басқұр. Ал кереге мен уықты бірге ұстап, киіз үйдің керегесі мен туырлығы арасына жалпы өң беріп тұратын шым ши болады. Шым шиді жүннен жасалған жіппен орап, кілем, текемет түсіндей оюлармен безендіріп тоқиды. Киіз үй жасауына күміс және сүйекпен әрленген ағаш бөліктер де кіреді. Шаңырақтың өзі өрнектелген көлдженең тақтайшалардан тұрады.





  1. Зертханалық жұмыстың мазмұны.

Зертханалық жұмыс жасағанда киіз үй макетін жасаумен айналысамыз.

Қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар:

- ағаш немесе фанер, ПВА желімі, ара, қылара, егеу, зімпара, жұқа киіз, қайшы, лак, гуащь, сызғыш, қалам.



Киіз үй макетін жасағанда жұмыс реттілігін белгілейтін киіз үйді жасаудың технологиялық картасын жасаймыз. Сол бойынша жұмыс істейміз.



Бағалау.

Сабақты қорытындылау.

Біз қазақтың киіз үйінің жасалу тарихымен, киіз үй қаңқасының құрамдас бөліктерімен, киіздері және ішкі жасалу түрлерімен, оның ертедегі тарихи маңызымен, тұрмыста алатын орнымен таныстық. Киіз үй қаңқасының жасалуы жөнінде біраз мәлімет бердік. Ұқыпты отбастарында киіз үй қасиетті мүлік саналып, ағадан ініге, ападан сіңіліге беріліп отырған. Мұны ұрпақ жалғастығы дейді. Қазақы киіз үй, қара шаңырақ қасиетті мүлік. Сондықтан ата-баба салт дәстүрін құрметтеп, болашаққа қаз қалпында жеткізейік!



Үйге тапсырма.

Үй тапсырмасы бойынша киіз үйдің ішкі қол өнер бұйымы адалбақан жасап келу



Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Шаңырақ» үй – тұрмыс энциклопедиясы.


Алматы қаласы – 1989 жыл

2. «Мектептегі технология Технология в школе»


әдістемелік журналы. №3 – 2006 жыл
№7 – 2009 жыл
3. Д.Шоқпарұлы, Д.Дәркенбайұлы «Қазақтың қолданбалы өнері»
Алматы – 2007 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет