5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет89/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Жауаптары
Киіз үй – көшпелілердің негізгі бас-
панасы. Ол көшпелілерге өте қолайлы баспана бол-
ды. Мұндай баспана қазіргі кезде де қолданыста бар. 
«Қос, күрке, Абылайша, киіз үй» – деп көшпелілердің 
баспанасы даму үдерісі арқылы пайда болып, өзгері-
стерге ұшыраған. 
Тапсырма
Сынып оқушыларын жұптастырып, оқулықтағы 
«көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде?» деген 
мәтіннен кейінгі берілген мәтінді оқуды ұсыныңыз. 
Олар оқуды аяқтағаннан соң, мәтінге ат қоюды 
тапсырыңыз. Оқушыларға кескін картаның үлгісін 
таратып, тұрақты тұрғын үйлер кездескен өңірлерді 
шартты белгілермен көрсетуді сұраңыз. Содан кей-
ін оқушыларға «Тұрақты тұрғын үйлер Қазақстан-
ның қай аймақтарында кездеседі? Неліктен мұндай 
үйлерді көшпелілер осы аймақтарға салған?» деген
сұрақтар қойыңыз. Осы тұста оқушылар сұрақтарға 
алдыңғы білімдерімен ұштастырып жауап берілері 
тиіс. Бұл тапсырма оқушылардың кеңістікте ойлау 
және бағдар жасау дағдыларын қалыптастырады. Қа-
жет болған жағдайда оқушыларға қолдау көрсетіңіз.
Жауаптары. 
Қазақстанның оңтүстік, шығыс, орта-
лық және солтүстік өңірлерінде тұрақты тұрғын үй-
лер кездескен. Қазақстанның шығыс және оңтүстік 
өңірлерінде отырықшы шаруашылық дамыған. Оты-
рықшылыққа бейімделген халықтар тұрақты тұрғын 
үйлер сала білген. Ал орталық және солтүстік Қа-
зақстанда көшпелі, жартылай көшпелі мал шару-
ашылы дамыған. Сондықтан көшпелілер осы өңір-
лерге маусымдық қыстаулар салып, қоныстанған.
Реттілігі бойынша орналастырыңдар
"Киіз үй қалай пайда болды?» деген тақырыпша 
бойынша киіз үйдің даму үдерісінің суреттерінен
үлестірмелі карточка жасаңыз. Әр карточканың арты-
на баспана түрі туралы ақпарат жазылады. Оқушылар 
суреттерді ретімен орналастырып, постерге жапсы-
рады. Содан кейін бұлай орналастырғандарына кем 
дегенде екі дәлел келтірулері тиіс.
Жауаптары.
Адамдардың баспаналары бірте-бір-
те жетілді. Алғашқы кезде адамдардың баспанасында
үй жиһаздары болмаған. Уақыт өте келе қолөнер да-
мыды. Осының нәтижесінде адамдар өздеріне қажет-
ті түрлі құралдар мен баспанаға қажетті жабдықтарды 
жасай алды. Күнделікті өмірде қажеттіліктер артып, 
баспананың пішіні мен жасалу материалдары күрде-
лене түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет