2-тарау.
Ежелгі көшпелілер өмірі
57
Жауаптары.
Кеше: тас үңгір, күрке, қос, лашық, қа-
раша үй, киіз үй; бүгін: қос қабатты үйлер, коттедж, жер
үй, киіз үй.
Анықтаңдар
Оқушылар оқулықтан «көшпелілер баспанасының
ерекшелігі неде?» деген тақырыпты оқуды сұраңыз.
Мәтінді оқуға арнайы уақыт беріңіз. Қажет болған
жағдайда қосымша уақыт бөліп, ИНСЕРТ кестесімен
жұмыс жасауды тапсырыңыз. Оқушыларды алдымен
кестемен жұмыс жасау талаптарымен таныстырыңыз.
Төмендегі кестенің бағаналарында қажетті талаптар
берілген.
«V»
Бұрыннан
білемін
« +»
Жаңа
ақпарат
«-»
Менің
ойлағаныма
кереғар,
қайшы
«?»
«Келісе
алмаймын.
Білгім
келеді»
Оқушылар
мәтінде
кездескен
бұрыннан
білетін
мәліметтерді
келтіреді.
Мұнда-
оқушылар
осы мәтін
бойынша
жаңадан
алған ақпа-
раттарын
жазады.
Мұнда
оқушылар
бұрынғы
білімдері-
не қара-
ма-қайшы
мәліметтерді
келтіреді
(мен бұрын
басқаша ой-
лайтынмын,
сөйтсем
олай болмай
шықты ...»).
Бұл бағанада
оқушылар
өздері
келіспейтін
немесе
түсініксіз
болған, тағы
да білгісі
келетін
мәтіннің
деректерін
жазады.
Жұмыс аяқталған соң, оқушыларға өз жұмыстарын
оқытып, сыныптық талқылау ұйымдастарыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: