2-тарау.
Ежелгі көшпелілер өмірі
55
жазып, сыныпты аралап жүріп, басқа оқушылармен
өз идеяларымен бөлісуін сұраңыз.
Шынайы
"ереуіл атмосферасы" болу үшін оқушылардың өз
тұжырымдамаларын дауыстап қайталап айтуына
болады. Бұл тапсырма оқушылардың сабаққа
қызығушылықтарын арттырады.
Жыл мезгілдерін сәйкестендіріңдер
Тапсырма топтық жұмыс арқылы жүзеге асыры-
лады. Сынып оқушыларын 4 топқа топтастырып, әр
оқушыны 1, 2, 3, 4 деп нөмірлеп алыңыз. Топтасқан
оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысады. Топтағы
оқушылар өзара келісіп, төрт маусымды бөліп ала-
ды. Әр оқушы өз нөміріне байланысты маусым ту-
ралы ақпаратты суретпен сәйкестендіріп, ақпарат
жинақтайды.
Барлық сыныпқа сұрақ қойып, кез
келген нөмірді атаңыз. Бұл жерде шапшаңдық қа-
жет. №3 оқушы жауап берген соң, келесі топтағы
№3
оқушы оның жауабын жалғастырып, толықты-
руы керек. Бірінші дұрыс жауап берген оқушының
тобына ұпай беріп отырыңыз. Көп ұпай жинаған
топ жеңімпаз болады. Оқушылар жыл мезгілдері-
не байланысты жайылым атауларын анықтайды.
Көшпелілердің жыл
мезгілдерінде көшу себебін
түсіндіреді. Мұғалім сұрақтарды құрастыру үшін,
оқулықта берілген сұрақтарды басшылыққа алуы
тиіс. Бұл стратегия оқушылардың сыни тұрғыда ой-
лау, көшбасшылық дағдыларын дамытады және са-
баққа қызығушылықтарын арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: