5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет82/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Жауаптары
Ауа райы өзгеріп, өзен-көлдер тар-
тылып, құрғақшылық белең алды. Еккен егін өнім 
бермеді. Мал басы көбейді. Қазақстанның аумақта-
рында климаттық жағдайдың әртүрлілігі салда-
рынан көшпелілердің басты кәсібі көшпелі мал ша-
руашылығы болды. Жаңа жайылымдық жер қажет 
болды. Мал өнімдеріне сұраныс артты.
Дәлелдеңдер
Тапсырманы кестені толтыру арқылы орында-
тыңыз. Бұл кестеде төрт түлік малдың қайсысы 
көшпелі өмір салтына тиімді болып келетіні туралы 
дәйектер ұсынылады. Оқушылар алдымен беріл-
ген тапсырма бойынша өз ойларын кестеге түсіріп, 
жеке жұмыс жасайды. Бұл тапсырмаға 10 минут 
уақыт беріңіз. Уақыт жетпеген жағдайда тағы 2 ми-
нут қосыңыз. Содан кейін сыныптасымен жұптасып 
талқылауы керек. Осы арқылы олар бір-бірінің кес- 
телерін салыстырып, толықтырып, пікір алмасады. 
Одан кейін келесі оқушымен жұптасып талқылайды. 
Сабақ соңында мұғалім тақтаға ортақ кесте құрас- 
тырады. Әр жұп өз ұсыныстарын айтады. Кестені 
толтыру барысында оқушылардың пікірлерін дәлел 
келтіру арқылы жеткізу керек екендігін айтыңыз. Қа-
жет болған жағдайда сыныптық талқылау ұйымдас- 
тырыңыз. Оқушылар ортақ шешімге келген кезде, 
нақты жауапты кестеге жазыңыз.
Жауаптары
Малдың түрі
Тиімділігі
• Жылқы
• Қой
• Түйе
• Сиыр
Көлік ретінде 
қолданылады; сүті, 
еті пайдаланылады; 
тебіндей алады
• Сүті, терісі, 
жүні пайдаланыла-
ды; тебіндей алады; 
шөп талғамайды; 
ауыр жүк көтереді
Бағалау мүмкіндіктері 
• Оқушылардың оқу, тыңдау, жатқа жаздыру, 
есте сақтау дағдыларын дамыту, топтарда кезекпен 
ынтымақтастықта жұмыс жасау, қарым-қатынас дағ-
дыларын оңтайлы қолданып бағалауға болады. 
• Жаңа сабақ бойынша оқушылардың меңгер-
ген мәліметтерін бағалау мүмкіндіктері: «Себебін 
табайық», «көшпелі мал шаруашылығының тиімділі-
гін дәлелдейік» тапсырмалары бойынша оқушы-
лар мәтінді талдап, сұраққа нақты жауап іздейді. 
Мәтіндегі сөйлемдерді маңыздылығы бойынша 
орналастыра алады, көшпелі өмір салтының қа-
лыптасуының кем дегенде екі себебін сипаттайды
көшпелілердің асыраған төрт түлік малын анықтай-
ды, төрт түлік малдың пайдасына кем дегенде екі 
дәлел келтіреді, көшпелі мал шаруашылығының 
қалыптасуы туралы өзіндік ой-қорытынды шыға-
рады. Алдыңғы сабақтағы алған білімдерімен жаңа 
сабақты байланыстыру арқылы нақты шешім қабыл-
дайды. Сынып оқушыларына топтық және өзін-өзі 
бағалау критерийлерін құрастыруды тапсырыңыз. 
Критерийлер арқылы оқушылардың өзін-өзі және 
бір-бірін бағалау мүмкіндігі болады. Сабақ бары-
сындағы іс-әрекеттер топтық жұмыспен жүргізіл-
гендіктен, оқушыларға топтық бағалау кестесін ұсы-
ныңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет