2-тарау.
Ежелгі көшпелілер өмірі
53
ықпал етеді. Оқушылардың болжамдарын тыңдап,
ойларын толықтыру мақсатында қосымша сұрақтар
қою арқылы қолдау көрсетіңіз.
Жауаптары.
Жайлау, қой, жылқы, түйе, сиыр,
бақташы, төлдер, жайылым, сауыншы, қойшы.
Анықтаңдар
Тапсырма топтық жұмыс арқылы орындала-
ды. Оқушыларды түсті қағаз арқылы топқа бөліңіз.
Топтарға «Көшпенді мал шаруашылығы адамдарға
қандай мүмкіндіктер берді?» деген сұрақ қойыңыз.
Әрине бұл сұраққа балалар бірден жауап бере ал-
майды. Сондықтан оқулықтағы бірінші мәтінді бір-
неше бөлікке бөліп, мәтіннің әр бөлігін жеке па-
рақшаға жазыңыз. Дайын парақшаларды конвертке
салып, топтарға таратыңыз. Оқушылар парақшалар-
ды оқып, бөліктерден тұтас мәтін құрастыруы керек.
Бұл тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріңіз.
Мәтінді құрастырғаннан кейін оқушылар топта
талқылап, көшпелі өмір салтының қалыптасуы қан-
дай мүмкіндіктер бергенін анықтау арқылы ортақ
шешімге келуі керек. Талқылауға 3 минут жеткілік-
ті. Әр топ өзара талқылау жүргізгеннен кейін бүкіл-
сыныптық талқылау ұйымдастырыңыз. Оқушылар
мәтіннің оқулықтан алынғанын білмеуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: