5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет77/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
Бұл сабақ темір дәуірінде орын алған өзгерістерді 
анықтайды. Сабақ "өзгеріс пен сабақтастық" кон-
цептілерінің негізінде құрастырылған. Ол оқушы-
ларды оқулықтан алған мағлұматты сабақта қолдана 
отырып, сұрақтарға жауап табуға, бірлесе жұмыс 
істеуге үйретеді. Оқыған материалдар негізінде 
темір мен қола дәуіріндегі сабақтастықты анықтау 
темір дәуіріндегі өзгерістерді сипаттауға бағытта-
лады. Оқушылар топтық, жұптық, жеке жұмысты 
орындау барысында критерийлер құрастырып, өз 
белсенділіктерін барынша танытады. Өз ойын не-
месе көзқарасын жеткізе алу дағдысы қалыптасады. 
Оқушылар дереккөздер мен ресурстардың көме-
гімен тапсырмаларды орындайды. 
Тапсырма
Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке ау-
дарыңыз. Ерте темір дәуіріндегі адамдардың өмір 
сүруі мен өзгерістер туралы екі сұрақ құрастыруды 
сұраңыз. Олар құрастырған сұрақтарын бір-бірі-
не қойып, өзара талдау жасайды. Темір дәуіріндегі 
өзгерістер жайында білімін толықтыру мақсатын-


2-тарау. 
Ежелгі көшпелілер өмірі
51
да сыныптың әр бұрышына сөйлем немесе сөздер 
жазылған парақтарды іліп қойыңыз. Бұл тапсырма 
топта орындалып, әрбір топ жеке тапсырма алады. 
Мәтін ішіндегі тірек сөздер қарайтылған қаріппен 
белгіленеді. Әрбір топтан бір оқушы жүгіріп жүріп 
топқа тірек сөздерді ретімен айтып келіп тұрады. 
Топтағы бір оқушы жазып отырады. Келесі қадам. 
Мұғалім әр тапсырмаға сәйкес тірек сөздерді сұрай-
ды. Барлық топтар тірек сөздерін айтып шығуы 
керек. Содан соң әр топқа постерге ағашқа сурет 
салуды тапсырыңыз. Ағаштың діңгегіне сұрақ жа-
зады. Енді топтар сағат тілі бойынша сұрақтарымен 
алмасады. Топта талқыланғаннан кейін жапырақтар 
салып, оған дұрыс жауаптарды жазуы керек. Нәти-
жесінде әр топ темір дәуірінің маңызды өзгерістерін 
анықтайды.
Жауаптары. 
Егістік алқаптары мен суару жүйесі 
кеңейтілді. Осы кезеңде ат әбзелдері мен дөңгелекті 
көлік жасау кәсіптері өркендеді. Олар темірден түрлі 
еңбек құралдары мен қару-жарақтар жасады. Арба-
ның ең негізгі бөлігі дөңгелектер темірден жасала 
бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет