2-тарау.
Ежелгі көшпелілер өмірі
49
толықтыру үшін келесі жұптарға өз ойларын ай-
туға мүмкіндік беріңіз. Осылай сыныптық талқылау
ұйымдастырыңыз. Талқылау нәтижесінде сынып
оқушылары ортақ шешімге келеді. Қажет болған
жағдайда бағыттаушы сұрақтарды қойыңыз. Оқушы-
ларға: "Қалай ойлайсыңдар, сендер анықтаған ай-
ырмашылықтар қай дәуірде орын алған?" – деген
сұрақты қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын
ашуға қадам жасаңыз.
Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен таныс-
тырғаннан кейін: «Неліктен б.з.д. VІІІ ғасыp мен б.з.
VІ ғaсыp аралығы темір дәуірі деп аталады?» деген
сұрақ қойыңыз. Оқушылардың болжам жауаптарын
тыңдаған соң, «Тeмір дәуіріне саяхат» атты мәтін-
ді оқуды тапсырыңыз. Мәтінді оқуға 5 минут уақыт
беріңіз. Бұл мәтінді оқығаннан кейін оқушыларда
бастапқы сұрақ бойынша білім қалыптасады. Бұ-
дан әрі оқушылар «Адамдар темірді қалай өндірді?»
атты мәтінмен танысады.
Адамдар темірді қалай өндірді
Тапсырма жұппен орындалады. Сынып оқушыла-
рына тапсырманы орындату үшін арнайы критерий-
лер ұсынуға болады. Олар:
• берілген уақытты тиімді пайдалану;
• сыныптасын тыңдау;
• өз пікірін дәлел арқылы білдіру;
• өзгенің пікірін құрметтеу.
Қолдану дағдысын жүзеге асыру мақсатында
оқушылардың назарын оқулықтағы суреттерге ау-
дарыңыз. Темірді балқыту үдерісін сипаттап беруді
сұраңыз. Шебер дайын болған заттарды жинақтап,
ұстахананың бір бөлігінде сақтады. Оны тапсырыс
берушілер алған. Кейде шебер құралдарды өзіне қа-
жетті заттарға айырбастап отырды. Кен тасын балқы-
ту үдерісі нәтижесінде дайын өнімдер: қылыш, сем-
сер, балта, кетпен, орақ, жебе ұштары т.б. жасалды.
Бұл тапсырма оқушылардың ойлау және шешім қа-
былдау дағдысын дамытады. Келесі кезекте оқушы-
ларға жеке орындауға үш тапсырма беріңіз.
• Берілген суреттер бойынша үш сұрақ құрасты-
ру.
• «Ұстаханадағы бір күн» деген тақырыпта 50–70
сөзден тұратын шағын әңгіме құру.
• «Тарихи ақпарат» деген газетке темірді игерудің
маңыздылығы туралы мақала жазу.
Тапсырмалар саралау бойынша құрастырылған.
Бұл оқушыларға өз деңгейіне байланысты таңдау
мүмкіндігін береді.
Кері байланыс
Оқушыларға сабақтың тақырыбына қатысты
3-5 минуттық әңгімелерін жеке немесе шағын
топтарда дайындауды тапсырыңыз. Егер топтарда
дайындалса, топтарға бір спикер сайлауды
тапсырыңыз. Спикерлер әрдайым ауысып отырса,
оқушылардың барлығын оқытуға мүмкіндігіңіз
туады. Оқушыларға 5 минуттық сөз дайындауға
беретін тақырыбыңыздың өзектілігіне мән беріңіз.
Себебі, тақырып оқушыларды сыни тұрғыда ойлауға
жетелеп, шығармашылыққа итермелесе сабақ сәтті
болады.
Достарыңызбен бөлісу: