Қосымша әдебиеттер
• Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін.
Бес томдық. 1-том. – Алматы: Атамұра, 2010.
• Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.Қ. Қазақстан
археологиясы. – Алматы, 2009. Ежелгі Қазақстан:
«Қазақстан балалар энциклопедиясы» топтамасы.
– Алматы: Аруна, 2011.
• Көркемсуретті Қазақстан тарихы. 1–том. Алматы,
2006.
• С. Кенжеахметұлы. Қазақ халқының тұрмысы мен
мәдениеті. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2012.
• С.Кенжеахметұлы. Қaзaқтың cалт-дәстүpлеpі мeн
әдeт-ғұpыптapы. – Алматы: Атамұра, 2010.
• Хинаят Б., Исабеков К.М. Саятшылық қазақтың
дәстүрлі аңшылығы. – Алматы: Алматыкітап баспа-
сы, 2007.
Ойланып көрейік
Темірді игеру адамдардың өміріне айтарлықтай өз-
герістерді әкелді. Еңбек құралдары жетілдірілді. Еңбек
өнімділігі өсті. Темір қоланы ығыстырып, жебе мен
ауыздықты темірден жасау өріс алды. Кен тастарын
арнайы пеш-көріктерде балқытып, қару-жарақ түрлері
көбейді. Ерте темір дәуірінде ауа райының өзгеруінен
көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы
дамыды. Көшпелі мал шаруашылығы адамдарға
мол өнім алуға мүмкіндік берді. Қазақстанның әр
аймағының табиғи жағдайы әртүрлі болғандықтан,
көшпелілер үнемі қоныс аударған. Осылай біртіндеп
көшпелі мал шаруашылығы негізгі шаруашылық түрі-
не айналды. Көшпелілер әр аймақтың табиғи ерек-
шелігіне бейімделген мал түрлерін өсірген. Қaзақcтан
далаcындaғы көшпeлі мaл шаpуашылығының дaмуы
өндіpгіш күштepді алға жылжытты. Көшпелілер тұрғын
үйдің жылжымалы және тұрақты түрлерін пайдаланған.
Жылжымалы тұрғын үй – киіз үй қоныс аудару кезінде
өте ыңғайлы болған. Себебі ол тез жиналып, тез құры-
латын. Киіз үйдің бірнеше түрі пайда болып, оны без-
ендіру үшін түрлі материалдар қолданылған. Бұл олар-
да қолөнердің дамығанын көрсетеді. Көшпелілердің
өздеріне тән дүниетанымы қалыптасып, ол күні бүгін-
ге дейін жалғасып келеді. Көшпелілерде "көкпар" мен
"саятшы лық" деген өнер түрлері қалыптасқан. Осын-
дай өнерлері арқылы олардың өзіндік ерекшелігі тура-
лы білуге болады. Мұндай өнерлер бертін келе ұлттық
спорт ойын түріне айналды. Бұл өнер түрлері адамдар-
дың мергендігін, тапқырлығын, батылдығы мен ептілі-
гін арттырған. Осындай өнерлері арқылы олар нағыз
жауынгерді тәрбиелеген.
2-тарау.
Достарыңызбен бөлісу: |