5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет67/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Бағалау мүмкіндіктері
Тақырыпты меңгеру кезінде оқушының қандай 
нәтижеге қол жеткізгенін арнайы қалыптастырушы 
бағалау арқылы анықтаймыз. Алайда оқушылар 
топтық, жұптық тапсырмаларды орындағандықтан, 
топтық, өзін-өзі бағалау тәсілін де ұсынуға болады. 
Жартастағы суретті жұппен салу секілді тапсырма-
ларды ұсына отырып, оқушының қосымша білімін 
бағалауға көңіл бөліңіз. Өйткені, осы арқылы тақы-
рыпты еске түсіріп қана қоймай, өз білімін қоса оты-
рып, тиісті деңгейде суретті салуы қажет. Осы тұста 
оқушының өзара бағалауын тиімді қолданғаныңыз 
жөн. 
Қосымша тапсырма
1. Бір оқушы ортаға шығып, өзін питекантроп, са-
налы адам немесе 
андрон
тайпасының өкілі ретін-
де ыстық орындыққа отырып, пікірін айтады. Ол 
тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Қалған 
оқушылар белгілі бір пікірмен келіспеген жағдай-
да, алға шығып сөйлей алады. Бұл жерде оқушылар 
белгілі бір рөлді немесе адамды сомдай алады. 
2. Оқушыларды алдымен топқа бөліп алыңыз. 
Кейін сыныпқа ортақ тапсырма ұсыныңыз. Алғашқы 
адамдардың рухани мәдениетінде орын алған өз-
герістерді тиісті матрицаларға орналастыруды 
сұраңыз. Матрицаға орналастыру үшін арнайы ке-
спеқағаздарға бөлінген ақпараттарды үлестіріңіз. 
Осы ақпараттардың ішінен оқушылар айтарлықтай 
маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім жасай-
ды. Тізімнің әрбір тармағын үлкен матрицалы торға 
орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды, әдетте, 
матрицаның жоғары жағына, ал оншалықты маңыз- 
ды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр 
қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. 
Кейбір топтар ең маңызды кеспеқағаздарын ор-
талықта орналастыра алады. Матрицаның нысаны 
топқа бірқатар басымдықтар мен перспективалар-
ды қамтуға мүмкіндік береді. Мына тапсырмаларды 
оқушы қабілетіне қарай былайша түрлендіруге бо-
лады:
1. Рухани мәдениетте орын алған өзгерістер 
тізімін жасайды, кем дегенде 5 өзгерісті анықтайды.
2. Өзгерістерді маңыздылығы бойынша матри-
цаға орналастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет