5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет64/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Қосымша тапсырма
Құндылықтар спектрі.
Спектр үшін жіптің не-
месе қыспақтың кесіндісін қолданып, шеттеріне 
бағыт жасап, қарама-қарсы екі пікірді қойыңыз. 
Оқушылар өздері келісетін пікірдің қасына келіп 
тұрады. Оқушыларға ұстанымдарын түсіндіре оты-
рып, кеспеқағаздарды орналастыруды сұраңыз. Бұл 
жерде қарама-қайшылықты туғызатын мынадай 
пікірді ұсыныңыз: Ежелгі адамдарда өнер болды ма? 
Оқушылар ежелгі дәуірде өнердің болғанын жақтай-
тын пікірді ұстанса, өз дәлелдемелері арқылы ұста-
нымын талдайды. Қарама-қарсы пікірдегі оқушылар 
өз ұстанымдарын белгілі бір уақыт ішінде қорғайды. 


42
1-тарау.
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
1.8.
Ежелгі адамдардың өміріне саяхат (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.1.2.1 алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін 
шығармашылық түрде көрсету.
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дей-
ін. I том. - Алматы: Атамұра, 2010.
2. Самашев З., Жетібаев Ж. Қазақ петроглифтері. 
– Ал маты, Иль-Тех-Кітап, 2005.
3. Байпақов Қ.М., Таймағамбетов Ж.Қ. Қазақстан 
ар хеологиясы. – Алматы, 2009.
Оқулық: Ежелгі адамдардың өміріне саяхат
42-43-бет.
Сабаққа дайындық
Оқушыларға алған білімді жүйелеу мақсатында 
топтық жұмыс орындау берілетінін айтыңыз. Ежелгі 
дәуірге уақыт мәшинесі бойынша бекеттерге тоқтау 
арқылы қайталау жасайтынымызды ескертіп өтіңіз. 
Сынып оқушыларымен Ботай, Андронов және 
Петроглифтер бекеттеріне тоқтай отырып, осы ке-
зеңге қатысты бірнеше суреттермен танысып, өткен 
ақпараттарды қайталайтынымызды айтып өтіңіз. Бұл 
сабақта оқушылардың білімін жинақтайтын түрлі 
шығармашылық тапсырмалар орындатуға болады 
(постер, зерттеу күнделігі, альбом жасату).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет