5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі



Pdf көрінісі
бет60/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
1.8.
Ежелгі адамдардың өміріне саяхат (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.1.2.1 алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін 
шығармашылық түрде көрсету.
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дей-
ін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Самашев З. Петроглифы Казахстана. – Алматы, 
2006.
3. Байпақов Қ.М., Таймағамбетов Ж.Қ. Қазақстан 
ар хеологиясы. – Алматы, 2009.
Оқулық: Ежелгі адамдардың өміріне саяхат, 
40-41-бет.
Сабаққа дайындық
Оқушыларға көрініске қажетті барлық заттарды 
алдын ала дайындап әкелуді ескертіңіз. Мысалы, 
мынадай қарапайым заттарды пайдалануға бола-
ды: мата, тас, ағаш шоқпар, жеміс-жидектер, дән, 
аң терісінің қиындысы, ойыншық тырма, садақ пен 
жебе, найза, бумеранг, күйген ағаш, картон қағаз-
дар, жүн, ұршық, жылтыр қағаз, фольга. Бұл сабақта 
оқушылардың білімін жинақтайтын түрлі шығар-
машылық тапсырмалар орындатуға болады (постер, 
зерттеу күнделігі, альбом жасату).
Сабақтың деректі материалдары
Eжeлгі тaс дәуірі – aдaм мeн оның шaруaшылығы-
ның қaлыптaсуының бaстaпқы уaқыты. Aшeль зaмa-
нының eскeрткіштeрі Ортaлық Қaзaқстaндa Бaтпaқ, 
Жaмaнaйбaтбaн, Сaрыaрқaның солтүстік-шығы-
сындaғы Құдaйөткeлдeн тaбылды. Бұл кeзeңнeн 
тaбылғaн зaттaрдың ішінeн eкі жүзі тeгіс өңдeл-
гeн тaстaн жaсaлғaн құрaлдaрды, aң тeрісі мeн 
aғaш өңдeугe aрнaлғaн жонғыштaрды, сондaй-aқ 
жaңқaлaр мeн қaлaқтaр шыңдaлғaн өзeк тaстaрды 
бөліп көрсeтугe болaды. Неолит кезеңінде тас өң-
деудің тегістеу, бұрғылау түрлері пайда болды. Бұл 
кезеңнің басты ерекшелігі – мал шаруашылығы мен 
егін егу қалыптасты. Қыш құмыра, тоқымашылық 
пайда болды. Қазақстанда 600-ден астам неолиттік, 
энеолиттік ескерткіштер бар. Неолиттік тұрақтар өз 
сипатына қарай 4-ке бөлінді: бұлақтық, өзендік, көл-
дік, үңгірлік. Ескерткіштері Солтүстік Қазақстан, Есіл 
өңірінде, Атбасар мен Торғай үстіртінде орналасқан. 
(Ақпарат e-history.kz сайтындағы мәліметтер негізін-
де даярланған.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет