5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет61/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
Бұл сабақта оқушыларға өткен тақырыптарды 
қайталай отырып, ежелгі дәуірге саяхат жасай-
тынын ескертіп өтіңіз. "Тас және қола дәуірінде 
қандай өзгерістер орын алды?" деген сұрақ қоя 
отырып, оқушыларды өзара пікір алмасуға бағыт-
таңыз. Талқылау үшін, алдымен, тақырып бойынша 
оқушыларды (барлығына бір тақырып немесе әр 
топқа бөлек тақырып) топтарға бөліп отырғызыңыз. 
Талқылаудан кейін оқушыларға түстер беріп, тиісін-
ше қайтадан топқа бөліңіз. Жаңа топтар «бастапқы 
топ» қатысушыларынан тұрады. Кейін оқушылар 
топта не талқылағандарын айту үшін қайта оралады. 
Бұл одан әрі тақырыпқа шолу жасауға түрткі болады. 
Сабақты былай бастауға болады: "Біз бірнеше сабақ 
арқылы сендермен ежелгі адамдардың түр келбетін, 
шаруашылығын, өзара ұжымдық бірігуін, мәдени-
еті мен діни сенімін анықтадық. Бұл кезеңнің қазір-
гі өмірден қандай айырмашылықтары бар? Міне, 
бүгінгі сабақта өткен тақырыптарға шолу жасау 
арқылы сол айырмашылықты анықтайтын боламыз. 
Ол үшін сендер ежелгі адамдардың өміріне саяхат 
жасайсыңдар." 
Себебін анықтаңдар
Оқушыларды топтарға бөліңіз. Әр топқа мүше-
лерінің санына қарай 1-ден 4-ке дейін немесе 5-ке 
дейін нөмір беріңіз. Сыныпқа сұрақ қоя отырып, 
«Бірге ойлаймыз» – деп айтыңыз. Сұрақ: "Ежелгі 
адамдар тобырға, руға, тайпаға қай кезеңде бірікті? 
Адамдар не үшін тобырға бірікті? Топтарға ежелгі 
адамдардың әртүрлі іс-әрекетін кеспеқағазбен ұсы-
ныңыз: 1-кеспеқағазда – аң аулау, 2-кеспеқағазда – 
от жағу, 3-кеспеқағазда – аңдардың терісін борша-
лау, 4-кеспеқғазда – балық аулау. Осы іс-әрекеттерге 
назар аудара отырып, ежелгі адамдардың біріккен 
ұйымын анықтап, бірігу себептерін табады.
Жауаптары. 
Eжeлгі aдaмдaр aзық тaбу мeн 
жaбaйы жaнуaрлaрдaн қорғaну үшін тобырғa бірік-
ті. Eжeлгі aдaмдaр тобыры өздeрінe бaспaнa рeтіндe 
тaбиғи үңгірлeрді, қуыстaрды, биік тaу шaтқaлдaрын 


1-тарау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет