5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі



Pdf көрінісі
бет58/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
39
нымдapы, aңшылық пeн coғыс іcіне бaйланыcты 
бeйнелеp көрсетілген.
Болжам жасаңдар
Тапсырманы орындау барысында оқушылар-
ды жұпқа бөліңіз. Жұптардың әрқайсысына Тамға-
лы суреттерін ұсына отырып, ежелгі суретшілердің 
адамды бейнелеудегі негізгі сырын болжатыңыз. Су-
реттегі бейнелерге, олардың ерекшелігіне қатысты 
сұрақтар қойыңыз. Олар Күнбасты адамның Құдай-
ға теңелгенін де айтуы мүмкін. Жұптағы оқушылар 
Күнбасты адамның сол бейнесін талдай отырып, 
суреттегі бейнені қағазға түсіруге тырысады. Бей-
недегі әрбір элементке сипаттама жасайды. Өз си-
паттамаларын кейін басқа жұптарға барып танысты-
рады. Ортақ пікірге келген жұптар топтарға бірігеді. 
Тапсырма соңында осы суретті көре отырып, қандай 
қорытындыға келгенін айтады. Сыныптағы бірнеше 
топтар мынадай іс-әрекетті орындайды:
1. Тақырыпқа қатысты сұрақтар әзірлейді. Мыса-
лы, «Ежелгі адамдардың өмірі жартастағы суреттер 
арқылы қалай көрсетілген?», «Ежелгі дәуір петрог-
лифтеріндегі басты тақырып қандай?» және т.б.
2. Тақырыпқа қатысты бейнематериалды қарап, 
жоғарыдағы сұрақтарға дәлелдер іздейді.
3. Дәлелдерін флипчартқа не тақтаға жазып, топ 
алдында қорғайды.
4. Өз жауаптарын өзге топтың жауаптарымен са-
лыстырады.
Жауаптары.
Күнбасты адам кейпі арқылы 
Тәңірдің образы сомдалған. Осы арқылы Құдайдың 
негізгі бейнесі ажыратылады. Күнге табыну, отты қа-
стерлеу дәстүрінің ежелгі дәуірден кең таралғаны 
анықталады.
Өз петроглифтеріңді салыңдар
Бұл тапсырманы оқушының жеке, шығар-
машылық түрде орындағаны тиімді. Өйткені, әрбір 
оқушы өз петроглифін әртүрлі жолмен бере алады. 
Алайда сынып оқушыларына ортақ талап қойыл-
сын. Мұғалім барлық талаптарға сай келген, тақы-
рып бойынша ұсынылған петроглифтерді іріктейді. 
Іріктелген жұмыстар сынып алдында қорғалады. 
Мұғалім қажет болған жағдайда оқушыға қосымша 
сұрақ қоя алады. Уақыт жеткіліксіз болса, бұл тапсы-
рманы үй жұмысы ретінде ұсынуға болады. 
1. Өз петроглифіңде аңдар мен адамдардың бей-
несі қалай сипатталған?
2. Петроглифте ежелгі адамның аң аулау сәті көр-
сетілген бе?
3. "Ежелгі адамның жануарлар мен өсімдікке тәу-
елділігін көрсететін бейнелер орын алады ма?" деген 
сұрақ қойыңыз. Тапсырманы былайша түрлендірген 
жөн. "Өз петроглифіңді сал" деген уақытта нақты 
тақырыпты бермей, оқушы өз өміріндегі маңызды 
1-2 оқиғаны суреттеп берсе де болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет