Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі 43
кеттер анық көрсетілуі қажет. Кейін осы суреттегі
өзгерістерді анықтап, дәптерлеріне жазып алуын
сұраңыз. Оқушыларға доп немесе алманы лақтыру
арқылы, сұрақтарды да кездейсоқ ұсынасыз. Оқушы
тез, мүдірмей жауап беруі қажет. Жауабы болмаған
жағдайда басқа оқушыға допты лақтыра алады.
Жауаптары. Мысалы, "Ыдысты неден жасаған?"
деген сұраққа жауапты іздей отырып, суретке назар
аударып, өткен материалдарды еске түсіреді. Оқушы-
лар сұраққа былайша жауап беруі мүмкін: "Ыдысты
қыштан жасаған." Әйел адамдардың ыдысты өздері
жасап жатқанын көреміз. Осы арқылы өзгеріс қола
дәуірінде орын алғанын анықтай аламыз.
Анықтаңдар Бұл кезеңде оқушылар мыс пен қалайының қоспа-
сынан алынған қоланың адам өміріне қаншалықты
өзгерістер енгізгенін еске түсіреді. Қоланың мыстан
айырмашылығын анықтайды. Айырмашылықты
Венн диаграммасы арқылы көрсетуге болады. Мыс-
ты қола металына алмастыру себебін еске түсіре
отырып, қоғамға енгізген өзгерістерін нақтылайсыз.
Топтар арасында сұрақ қоюды ұйымдастырыңыз.
Мысалы, "Неліктен сен бұл кеспеқағазды таңдадың?
Жауабыңды дәлелде?" Бұл сәтте мұғалім барлығын
мұқият бақылауы қажет. Соңында барлық оқушы-
лардан дауыс жинаңыз. «Қоғамға қола металының
енгізілуінен қандай өзгерістер орын алды?» – деген
сұрақ қоя отырып, оқушыларға 1-ден 5-ке дейін
оқиғаның маңыздылық деңгейі бойынша нөмірлерді
көрсетіп, таңдау жасауға мүмкіндік беріңіз. Мысалы,
егер 1-нөмірді таңдаса, оқиғаның еш маңызы жоқ
екендігі, ал 5-нөмірі болса, онда оқиғаның маңызы
зор екендігі көрінеді.
Жауаптары. Қоланың пайда болуымен еңбек
құралдары жетілдіріліп, сол арқылы шаруашылықта
да өзгерістер орын алды. Осыған орай қоғамда ер-
лердің рөлі арта түсті.
Тапсырма "Петроглифтер ежелгі адамдардың әдет-ғұрыпта-
ры туралы ақпарат береді ме? Суреттерде адамдар-
дың наным-сенімдері мен дүниетанымын қалайша
аңғаруға болады?" деген сұрақтарды сыныпқа қоя
отырып, оқушыларды жұпқа бөліңіз. Әрбір жұптың
оқушылары бір-біріне арқасын түйістіріп отырады.
Бір оқушы (А оқушы) тақтадан сіз дайындап қойған
петроглифтер бейнеленген суретті визуалды түрде
көреді. 1-2 минуттан соң, өзінің жұбына (Ә оқушы-
сы) сипаттап береді. А оқушысы ненің бейнелен-
генін толықтай айта алмайды. Сондықтан Ә оқушы-
сы тақырыпқа негізделген сұрақты қоя отырып,
жауапқа негізделген картинаны салуға тырысады.
Әрбір жұптың тиісті суретті сипаттамалары арқылы
дәл, анық салуын қадағалаңыз.
Жауаптары. Алғашқы адамдардың әдет-ғұрып-
тары мен наным-сенімдері пертроглифтерде нақты
көрсетілмейді. Алайда аң аулау, егін шаруашылығы-
на қатысты бейнелер орын алады.