Тауарды нарықта позициялау



бет1/2
Дата12.10.2022
өлшемі16,96 Kb.
#152788
  1   2
Байланысты:
л8


    1. Тауарды нарықта позициялау

Тауарды нарықта позициялау дегеніміз мақсатты тұтынушылар санасында дәл осы тауар бәсекелестер тауарларына қарағанда, өзіндік ерекше орны бар, фирма үшін тиімді болып келетін шаралар жиынтығы.
Бұл ұғым тұтынушылардың мақсатты топтары фирманың тауарларын қалайша қабылдайтындығын анықтайды.
Тауарды позициялау мынадай баламаларға негізделеді:

  • тауардың айырықша сапасына;

  • тауарды тұтынушылар қойған мәселелерді шешуі немесе одан күтетін пайдасының болуы;

  • тауарды қолданудың ерекше тәсілі;

  • тауарды тұтынушылардың белгілі бір тобына бағытталуы;

  • бәсекелес маркіге қарағанда ерекшелігі;

Позициялау белгілі бір шарттардың дұрыс орындалуын талап етеді.
Позициялаудың осал жерлерін тауып, бағасын беріп, таңдалған бағытты алу және қорғау үшін ресурстардың бар-жоғын анықтау қажет. Тауарды нарықта дұрыс жайғастыра білу және табылған орынды қорғау үшін оған қажет ресурстарды және позициялаудың осал жерлерін анықтау қажет.
Бәсекелестер мен фирма тауарларының позициясын сипаттау үшін позициялау картасы немесе бәсекелестік карта жасалынады.
Нарықты позициялауды анықтағанан кейін тиімді маркетинг бағдарламасын жасау аса қиын емес. Бұл – нарықты сегменттеу үрдісінің қорытынды кезеңі.
Нарықты сегменттеу өзінің артықшылықтарына қарамастан, кейбір олқылықтарға да әкелуі мүмкін. Маркетинг жөніндегі мамандар нарықты сегменттеудегі жиі кездесетін мынадай кемшіліктерге назар аударғаны жөн:

  • сегменттеу туралы шешім қабылдамастан бұрын нарықты зерттеу мен сегменттеуді жүзеге асыруға байланысты шыңындар өзін-өзі ақтай ма, ақтамай ма, соны тексеру керек;

  • кейде фирмалар нарықты шығын жағынан мардымсыз ұсақ сегменттерге бөліп тастайды;

  • тұтынушылардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары кей кездерде дұрыс бағаланбайды;

  • фирмалар кейде елеулі айырмышылықтары бар көптеген сегменттерде бәсекелесуге тырысады немесе нарықтың қысқарып келе жатқан сегментінде тұйықталып қалады;

  • таңдалған сегмент үшін қажетті қатынас құралдары кейде дұрыс қолданылмайды;





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет