Сабақтың деректі материалдары
Андрондық қоныстардан тары ботқасы күйген құ-
мыралар табылды. Қоныстардың бәрінен табылған
олжалардың басым бөлігі: дәнүккіштер, келсаптар,
орақтар мен тас кетпендер. Негізгі тамағы: сүт, сүзбе,
ірімшік. Ет өте аз болған, оны мейрамдарда, құдай
жолына құрбандық жасағанда ғана пайдаланған.
Дамыған қола дәуірінде жылқы неғұрлым кең
көлемде: күш көлігі ретінде және салт мініп жүру
үшін пайдаланылды. Мұны Степняктағы, Айдабол-
дағы, Тастыбұлақтағы қоныстардан табылған, сүй-
ектен жасалған жұмсақ ауыздықтардың айшықта-
ры дәлелдейді. Жылқыны көлік ретінде пайдалану
даладағы және биік таудағы жайылымдарды игеру
мүмкіншілігін молайтты.
Басқа да жаңалықтар өмірге келді. Шаруашылық
қозғалысының өсуіне сәйкес қос өркешті түйелердің
саны да өсті. Олардың сүйектері "андроновтықтар-
дың" ең ертедегі тұрақтарынан табылды, бірақ кей-
інгі кезеңде түйе киелі санала бастады. Оны саздан
жасалған кішкене мүсіншелері мен жартастағы бей-
нелерінен байқаймыз.
Жылқы ең басты құрбандық малы болып есеп-
телді. Құрбандықтар жерлеу кезінде, рулық және
тайпалық киелі орындардағы құрметті жерлерде
шалынды. Этнографиялық салыстырулар мұндай
киелі орындардың басына шығу аса қиын, биік та-
уларға орналастырылатынын көрсетеді. Осындай
жартастарда жануарлардың, адамдардың, арбалар-
дың,бастары күнге ұқсайтын әртүрлі таңғажайып
мақұлықтардың бейнелері бейнеленген. Андронов
тұрақтарынан табылған күл қабаттары сақталған
рәсімдік ошақтар адам тағзым еткен екінші нысан –
қасиетті Күн болғанын дәлелдейді.
(Ақпарат e-history.kz сайтындағы мәліметтер не-
гізінде даярланған.)
Сабаққа қатысты ескертпелер
"Қайсыларың саяхатқа баруды армандайсыңдар?"
деген сұрақты сыныпқа қоя отырып, оқушылардың
әртүрлі жауаптарын саралауға болады. Кейін тас
және қола дәуірлеріне саяхатқа аттанатынымызды
айтып өтіңіз. Үстелдеріне тапсырмасы бар конверт-
тер қойыңыз.
Оқушыларды топқа бөле отырып, бекеттерге
орналастырып, сұрақты талқылауға және ойла-
рын қағазға немесе тақтаға жазуға 10 минут уақыт
беріңіз. Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке ауы-
сып, алдағы топтың жұмысын жалғастырады және
әр 10 минут сайын ауысып тұрады. Осы тапсырма
арқылы оқушылар ежелгі дәуірде орын алған оқиға-
ларды сұрақтар, бекеттер арқылы еске түсіре алады.
Суретпен жұмыс
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және
талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін
сыныптағы оқушыларға төмендегі тапсырманы
ұсыныңыз. Алдымен, сыныпқа ежелгі дәуірдегі
адамдардың өмірінде орын алған өзгерістер көр-
сетілген сурет көрсетіңіз. Суретте бірнеше іс-әре-
1-тарау.
Достарыңызбен бөлісу: |