Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
1.7.
Қазақстанның жартастарға салынған ежелгі
суреттері (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.2.1.1 алғашқы адамдардың наным-сенімдерін
сипаттау;
5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау.
Тірек сөздер
анимизм
тотемизм
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дей-
ін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Самашев З. Петроглифы Казахстана. – Алматы,
2006 г.
3. Петроглифтер – ежелгі заманғы және
ортағасыр лық өнердің бірегей ескерткіштері сай-
тындағы мате риалдар.
Оқулық: Қазақстанның жартастарға салынған ежелгі суреттері,
38-39-бет.
Зерттеу сұрағы:
тасқа салынған суреттер
ежелгі
адамдардың
дүниетанымын
қалай
бейнелейді?
Сабаққа дайындық
Ежелгі петроглифтердің А4 пішініндегі түрлі түсті
суретін тақтаға іліп, Қазақстанның ежелгі аумақтық
картасын, ермексаз, түрлі түсті қағаздар, маркер,
ватманды топтарға таратыңыз.
Сабақтың деректі материалдары
Қазақстан тарихындағы басты петроглифтердің
бірі – Тамғалы тас жартасы. Тамғалы шатқалы
әулие
жер
деп аталған. Өйткені бұл жерде ежелгі адамдар-
дың Құдайға табыну, ата-баба рухына тағзым ету
сияқты салттық рәсімдері жасалды. Қазіргі уақытта
бұл жер аспан астындағы біріккен мұражайға айнал-
дырылған. Тамғалы шатқалындағы бірнеше суретке
назар аударатын болсақ, Күнбасты адам, қол ұстаса
айналып би билегендер, күнге табыну. Күш иесі өгіз-
дер – күш-қуат пен құнарлылықтың бейнесі. Қолына
шоқпар, аса таяқ ұстаған, жүгіріп бара жатқан адам
бейнелері, аң аулау сәті, құрбандық шалу дәстүрі –
мұның бәрі мифология, космогониялық мифтердің
кейіпкерлері. Өгіз, ат, түйелерді бейнелеу көне ха-
лықтардың дүниетанымында олардың маңызды
рөл атқарғанын көрсетеді. (Ақпарат e-history.kz сай-
тынан дайындалған.)
Достарыңызбен бөлісу: |