5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет53/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер 
Қазақстанда ең танымал петроглифтері бар Қа-
ратау, Таңбалы, Ешкіөлмес, Жасыбай ескерткіштері 
туралы жалпы ақпарат беріңіз. Петроглифтерді 
салу тәсілдерін түсіндіріңіз. Жартастағы суреттердің 
құпия сырын ашатын адамдар – археологтар. Осы 
бейнелер арқылы олар алғашқы адамдардың қалай 
өмір сүргенін, немен айналысқанын, қандай сенім-
дері болғанын анықтайды. Сондықтан бүгін біз сол 
ғалымдар секілді ежелгі адам суреттерінің құпиясын 
ашуға тырысамыз.
Бейнені ажыратыңдар
Оқушыларды петроглиф суреттерінің мозаикасы 
негізінде топтарға бөліңіз. Петроглифтің жалпы су-
реті шығатын кеспеқағаздары бар оқушылар бір топ- 
қа бірігеді. Әрбір топқа петроглифтің үлкен көлем-
дегі суреті ұсынылады. Оқушылар топқа бөлінген 
соң, тапсырманы нақты критерийлерімен ұсынға-
ныңыз жөн:
1. Берілген суреттегі нақты бейнені ажыратыңдар.
2. Әрбір бейненің қандай мақсатпен салынғанын 
талдаңдар.
3. Суретті кім салғанын көрсетілген бейнелер 
арқылы анықтаңдар. 
Оқушылар берілген критерийлерге сай, өза-
ра топпен талқылай отырып, берілген уақыт ішін-
де тапсырманы орындайды. Кейін сынып алдында 
қорғайды. Алғашқы қорғауға шыққан топтың пікірін 
қалған топтар толықтырады. Тапсырма соңында 
қазіргі картиналармен салыстыруды ұсынуға бола-


1-тарау. 
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
37
ды. Салыстыруға жеңіл болу үшін қазіргі уақыттағы 
суретшілердің 1-2 картиналарын үлгі ретінде көр-
сетіңіз.
Жауаптары.
Бұл жартастағы суреттерден бұқа-
ны не арқарды көруге болады. Алайда қазіргі бұқа-
дан айырмашылықтары бар. Суреттің қай кезең-
де салынғанын нақты ажырату қиын. Бірақ ежелгі 
адамдардың салғанын анықтау қиын емес. Аңшылық 
кәсібі тас дәуірінде кең орын алды. Қазіргі картина-
ларға ұқсай қоймайды. Өйткені, салынған материал, 
бейнелердің түрі әртүрлі. Адамның ойлау қабілеті де 
әртүрлі болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет