Ерекшелігін анықтаңдар Оқушылар оқулықтағы мәтіннің негізінде Беға-
зы-Дәндібай мәдениетін сипаттайтын үш ерекшелік-
ті анықтап, әрбіреуіне түсіндірме береді.
Тапсырма-
ны жеке және топта орындауға болады.
Жауаптары. Оқушылар Беғазы-Дәндібай мәде-
ниетінің мынадай үш ерекшелігін анықтай алады:
1. Жерлеу ғұрпы (жерленген адамдардың қол-аяғы
созылып, шалқасынан жатқызылған). 2. Қабірлерде
мал сүйектері көптеп табылды, құрбандыққа мал
шалынған (бұл өз кезегінде мал шаруашылығының
дамығанын көрсетеді). 3. Кесенелерде діни ғұрыпқа
қатысты заттарды қоюға, құрбандық шалуға арнайы
орындардың болуы (дүниетанымын көрсетеді).
Бағалау мүмкіндіктері Оқушылардың сабақтың басынан сұрақтарға жа-
уап беріп, тапсырмаларды орындауы қалыптасты-
рушы бағалау кезінде ескеріледі. Сабақ барысын-
да оқушылардың оқу мақсатына жеткендігі соңғы
тапсырмада қорытындыланады. Оқушылардың
археолог Әлкей Марғұланға дайындаған сұрақта-
рының тереңдігі де ескеріліп, осы мақсатта кейбір
оқушыларды бағалауға мүмкіндік бар. Сабақтың
соңында Беғазы-Дәндібай ескерткішінің суретіне
қайта оралып, оқушылардан, стикерге жазылған ой-
ларды толықтыруды сұраңыз.
Қосымша тапсырмалар 1. Кейбір оқушылардың Беғазы-Дәндібай мәде-
ниетінің ескерткіштеріне қызығушылығы туындай-
ды. Сонымен қатар археологтар жұмысы туралы
көбірек білгісі келетін оқушылар да бар. Оларға
Беғазы-Дәндібайдағы соңғы зерттеулер бойынша
шағын слайдтар жасап келуге тапсырма беріңіз. Ал
келесі топқа Әлкей Марғұланның басқа да зерттеу
жұмыстары бойынша фотосуреттер жинау тапсыр-
масын ұсынып көріңіз.
2.
Шағын мақала жазу. Оқушыларға жеке жұ-
мыс ретінде
" Беғазы-Дәндібай ескерткіштері қола
дәуіріндегі адамдардың өмірі мен кәсіптері тура-
лы не айтады?" тақырыбында 2-3 абзацтан тұра-
тын шағын мақала жазуын ұсыныңыз. Оқушыларға
мақалада Әлкей Марғұлан туралы ақпарат және
кемінде екі олжаның сипаттамасы болуы керек
екенін айтыңыз.