Себебін табыңдар Андроновтықтардың қоғамдағы өзгерістері не-
мен байланысты деп ойлайсыңдар? Оқушылар
оқулықтағы мәтінге негізделе отырып, андронов-
тықтардың қоғамдық құрылысындағы орын алған
өзгерістерді талдайды. Тиісті дәйектерді келтіреді.
Жауаптары. Малды туысқандар арасында бөлі-
су жекеменшіктің пайда болуына әкелді. Кейбір
отбасылардың байлығы өскен сайын, олардың
қоғамдағы беделі де арта түсті. Ауқатты адамдар-
дың мазарлары биік, аумағы үлкен болған. Қабірден
табылған олжалар олардың дәулеттілігін көрсетеді.
Қоғамда діни жоралғыларды сақтаушы және қадаға-
лаушы жоғары дінбасылар – абыздар ерекше орын
алды. Ал егіншілер және малшылар қарапайым ха-
лық қатарына жатты.
Бағалау мүмкіндіктері Сабақта орындалған іс-әрекеттер барысында
оқушылар қола дәуіріндегі Қазақстан аумағында
таралған мәдениеттерді археологиялық олжалар
арқылы сипаттайды. Алған ақпараттарын жүйелеп,
топтастырады. Оқушылар сабақтағы іс-әрекеттер
барысында оқу мақсатына жету деңгейіне қарай, са-
бақ соңындағы тұжырымдары және сұрақтың мағы-
насы мен тереңдігіне қарай бағаланады.
Қосымша тапсырма 1. Кейбір оқушыларға андронов мәдениетінің
таралу аймағына қарай көрші елдерден табылған
археологиялық деректерді жинақтап, әр аймақ ар-
тефактілерінің суреттері бойынша ақпараттық орга-
найзер жасауға тапсырма беруге болады.
2.
Оқушылардан
қола дәуірінің археологи-
ялық ескерткіштерінің маңыздылығы бойынша
тұжырым жасауын сұрауға болады. "Ыстық орын-
дықтағы оқушыға қола дәуірінің ескерткіштерінің
қазіргі адамдар үшін маңыздылығы неде?" деген
сұрақты қойып, кемінде үш дәйек келтіріп, түсіндіру-
ді сұраңыз. Әр топ бір-бірінің жауаптарын тыңдап,
қола дәуірі ескерткіштерінің маңыздылығына байла-
нысты бір сұрақ дайындайды.