5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет59/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Бағалау мүмкіндіктері
Тақырып бойынша ұсынылған кез келген тапсыр- 
ма бойынша оқушыны бағалауға толық мүмкіндік 
бар. Мысалы, тапсырманы бере отырып, Тамғалы 
шатқалындағы Күнбасты адамды бейнелеудегі негіз-
гі сипаттамаларды жасайды. «Өзара бағалау» тәсілі 
арқылы да оқушыларды тиісті крийтерийлер бойын-
ша бағалауға болады. Бұл тәсілде сұрақ қоюды тағы 
да түрлендіруге болады: жеңіл сұрақ, орташа сұрақ, 
күрделі сұрақ.
Қосымша тапсырмалар 
1. Оқушыларға тақырыпқа қатысты оқиғаны су-
ретпен, сызбамен бейнелеу тапсырмасын орында-
туыңызға болады. Топ жетекшісі орнында қалады да, 
қалаған топ мүшелері өзге топтардың жұмысымен 
танысады. Содан кейін өз тобына қайтып, өздерінде 
жоқ идеяларды ортаға салып толықтырады. Оқушы-
лар 2 минут ішінде ішінде "Не үйрендім? Не білдім?" 
деген сұрақтарға жауап береді. 
2. Оқиғаны суреттеу тапсырмасы. Бұл тапсыр-
маны оқушыларға жұппен орындатыңыз. Әрбір 
жұпқа ұзақ жылдар бойы ежелгі петроглифтерді 
зерттеумен айналысқан А.П. Окладниковтың мына-
дай қызықты әңгімесі таратылады: 
"Ежелгі адамдар 
жылына бір рет ерекше ғұрып саналатын ең ба
-
сты оқиға – «Олжа, аңшылық, сәттілік, бақыт» 
тойына жиналған. Бұғы терісін оранып, бастарына 
мүйіз байлаған аңшылар бірнеше күн бойы рулар
-
дың қасиетті орны саналатын тастар, құздар мен 
ағаштардың іргесінде сиқырлы билер билеген."
Мәтінді оқып шыққан жұпқа бірнеше петроглиф- 
тер ұсынылған суреттерді беріңіз. Кейін сыныпқа: 
"Ғалымның әңгімесіндегі оқиға қай петроглифте 
суреттелген?" – деген сұрақты қоя отырып, топтық 
талқылау жүргізіңіз. Талқылау нәтижесінде әрбір 
топ әртүрлі суреттерді таңдауы мүмкін. Сондықтан 
таңдау жасаған суретке нақты өз пікірлерін білдіреді. 


40
1-тарау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет