5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет55/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Әңгіме құрастырыңдар
Топқа бөлінген оқушылар петроглифтердегі негіз-
делген, ежелгі адамдардың өмірі суреттелген ортақ 
әңгіме желісін құрайды. Ол үшін топтағы оқушылар 
өз ұсыныстарын білдіріп, жетекшіге оқиғаның бары-
сын айтады. Жетекші жазып, сынып алдында қорғай-
ды. Тапсырманы оқушы қабілетіне орай түрлендіру-
ге болады. Алайда мұғалім оқушыға тапсырманың 
белгілі бір түрін таңдап алуға көмектесуі қажет:
1. Суреттегі бейнелерді ажыратып, 2-3 сөйлемнен 
тұратын сипаттама жасайды.
2. Жартастағы суреттер арқылы белгілі бір оқиға 
желісін құрайды.
3. Құралған оқиғалар негізінде шағын көрініс ұй-
ымдастырады.
Жауаптары. 
Аң аулауға шыққан аңшы, жылқы 
бейнесі, бұғының ылдиға қарай қашқанын көреміз. 
"Аңшылар бұғыны қорқытып, қаумалап ұстап қолға 
үйретпекші шығар" деген пікір қалыптасады.
Бағалау мүмкіндіктері
Тақырып бойынша ұсынылған кез келген тапсыр-
ма бойынша оқушыны бағалауға болады. Мысалы, 
оқушыға өздік жұмыс жүргізе отырып, жеке дәптер-
ге орындаған оқушыларға жұмысын тексеріп, тиісті 
бағалауды жүргізуге болады. Ұқсастықты анықтау 
барысында жұмыс дәптерлеріне Венн диаграмма-
сын салуға мүмкіндік беріңіз. Егер сабақта тапсыр-
маларды орындау үшін сұрақ пен жауап формасы 
қолданылса, онда мынадай белгілер арқылы өзін-
өзі бағалауды жүргізуге болады.
– Бес саусақты көтергендер – олар өздеріне 
сенімді әрі барлық сұраққа жауап бергендер. 
– Үш саусақты көтергендер –олар жауаптарының 
дұрыс екеніне сенімді еместер. 
– Жұдырықты көтергендер – олар өздеріне мүл-
дем сенбейді, жауаптарын қате деп есептейді.
Қосымша тапсырма
Сыныптағы әр оқушы «петроглифтерді зерттеу- 
ші маман» кейпіне еніп, өзі таңдаған петроглифінің 
«құпиясын» ашады. Оқушылар өздеріне ұнаған пе-
троглифтерді таңдап, сол туралы барынша көп ақпа-
рат іздейді. Оқушылардың жасаған жұмыстарынан 
көрме ұйымдастырыңыз.


38
1-тарау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет