5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет75/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Бағалау мүмкіндіктері
Оқушылар «Cуреттерді салыстыр» "миға шабуыл" 
тапсырмасы бойынша қола дәуіріндегі еңбек құрал-
дарын еске түсіріп, қола мен темір дәуірінің үш ұқса-
стығы мен үш айырмашылығын ажыратады. Оқушы-
лардың сұрақ қою дағдыларын дамытуға және сыни 
тұрғыда ойлау дағдыларын жетілдіруге бағыттау 
үшін, екініші тапсырмада: «Темір дәуіріне саяхат» де-
ген мәтінді оқып, кем дегенде «жуан» және «жіңіш-
ке» екі сұрақ құрастыра алады. «Неліктен ..." деп 
басталатын сыныптасының сұрағына кем дегенде екі 
дәлел келтіреді. «Адамдар темірді қалай өндіргенін 
анықтаңдар» деген тапсырмасында кем дегенде үш 
суреттің мәтінмен байланысын анықтайды; сурет-
терді ретімен орналастырады; пеш-көріктің пайда 
болуын түсіндіреді; кен өндіру әдісімен танысып, 
оның маңызы туралы сипаттайды. Оқу мақсатына 
байланысты темір дәуірінде орын алған өзгеріс пен 
сабақтастықты меңгергенін көрсетсе, бұл тапсырма-
ларды бағалау мүмкіндігі бар. Сынып оқушыларына 
жұптық және жеке жұмысты бағалау критерийлерін 
құрастыруды тапсырыңыз.
Қосымша тапсырма
 
Оқушыларға үй тапсырмасы ретінде еліміздегі 
қазіргі темір өндірісі туралы мәліметтерді жинақтау-
ды тапсыруға болады.


50
2-тарау.
Ежелгі көшпелілер өмірі
2.1.
Қазақстан аумағында темірдің 
игерілуі (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.4.2.2 металл өндірісі жетілуінің шаруашылық 
салаларына тигізген ықпалын түсіндіру.
Тірек сөздер
ат әбзелдері
полихромдық стиль
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дей-
ін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Қазақстан тарихы (очерктер). – Алматы: Дәуір, 
1994. 
3. http://lms.nci.kz. СББР № 107. Қазақстан ау-
мағындағы тайпалық одақтар және алғашқы мем-
лекеттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет