Оқулық: Қазақстан аумағында темірдің игерілуі,
50-51-бет.
Зерттеу сұрағы:
темір өндіру адам өмірін
қалай өзгертті?
Сабаққа дайындық
Темір дәуіріне қатысты 4-5 суретті А4 пішінінде-
гі қағазға шығарып, әртүрлі формада қиып дайын-
даңыз. Оқушылар топқа бөліну үшін бір-бір қиын-
дыны алып, құрастырады.
«
Суреттер сөйлейді» тапсырмасы бойынша темір
дәуірінде алтын, күмістен жасалған бұйымдардың
суретін жинақтаңыз. Әр суреттің артына бір сұрақ
жазып, оны 5-6 бөлікке бөліңіз. Бөлшекке айналған
суретті жеке конвертке салыңыз.
Сабаққа байланысты деректі
материалдар
Ерте темір дәуірінің алғашқы кезеңдерінде қола
қолданыста болды. Дегенмен, қола кетпен май-
ысқақ болатын. Сондықтан адамдар қола кетпен
мен соқаны темірден жасалған түрімен алмастырды.
Бұл еңбектің өнімді болуына әсер етті. Міне, осыдан
кейін, еңбек құралдарын темірден жасау тиімді бола
бастады. Жер өңдеу жеңілдеп, еңбек құралдары
жетілдіріле түсті. Темір дәуірінде адамдар көршілес
алыс-жақын елдермен сауда-саттық жасасып, тауар
айналымы дамыды. Сауда қатынастары мен ақша
айналымы қалыптасты. Бұл кeзeңде дөңгeлeк жacау
oдан әpі дaмыған. Оған Қapатау жoтасы Шу-Іле тaу-
лаpының (Тaңбaлы, Қoйбағаp, Аpпаөзeн) жаpта-
стаpындaғы суpеттеp мен Тaулы Алтaйдың oба-
лаpынан тaбылғaн зaттаp дәлeл бoла aлaды. Б.з.д. ІІІ
ғасырда қарудың ең көп тараған түрі жебенің ұшын
жасауда темір қоланы ығыстыра бастады. Темірден
жасалған жебе алысқа ұшатын болған. Б.з.д. V ғасы-
рдан бастап ауыздық темірден жасалса, ал б.з.д. IV-III
ғасырлардан бастап соғыс қанжарларын тек темір-
ден жасау өріс алған. Ал б.з. ІІ-ІІІ ғасырында темір
жебе ұштары барлық жерде таралды. Қола дәуірінде
түсті мелалл игеріліп, түрлі бұйымдар жасалған бо-
латын. Арал және Каспий теңізінің аумағында өмір
сүрген көшпелілер темірмен қоса алтын, күміспен
жақсы таныс болған. Бұл аумақтарда темір мен қым-
бат бағалы металдар таза немесе кен күйінде кезде-
спеген. Сондықтан оларды басқа аумақтардан кесек
күйінде немесе дайын бұйым түрінде әкелген. Алтын
мен күмістен жасалған әшекей бұйымдар ерте темір
дәуірінде де жалғасын тапты. Бағалы металдан жа-
салған бұйымдарды көбінесе ақсүйектер, байлар,
көсемдер пайдаланды. Қола мен темір дәуірінің ме-
таллургия саласындағы сабақтастығы зергерлік бұй-
ымдар арқылы анықталады. Зeргеpлік бұйымдapды
көpкeмдігін аpттыру мақcaтындa aдамдаp түйіpлeу
мeн көмкepудің күpдeлі әдіcін қoлдaнғaн (Жылaнды,
Шілікті, Apаcан-1).
Достарыңызбен бөлісу: |