Дәлел келтіріңдер Сыныптың әр бұрышына сөйлем немесе сөздерді
параққа жазып іліп қойыңыз. Бұл тапсырма топта
орындалады. Топ мүшелеріне сынып қабырғасын-
дағы сөйлемдерге қатысты сұрақтар жазылған па-
рақты беріңіз. Оқушылар айналып жүріп өзінің қо-
лындағы сұраққа қатысты парақтың жанына барып,
жауаптарын жазып алады. Оқушылар өз топтарына
қайта келіп әкелген ақпараттарымен бөліседі. Әр
топ темір дәуірінің маңызды өзгерістерін анықтай-
ды. Постерге өздері анықтаған өзгерістерді жазып,
сынып алдында қорғайды.
Жауаптары. Егістік алқаптары мен суару жүйесі
кеңейтілді. Қала құрылысы дамыды. Темірден жа-
салған қарулар жетіліп, Қазақстан жерін мекендеген
тайпалар көршілес елдерге шабуыл жасап, қарулы
қақтығыстар көбейді. Жаңа жерлер игерілді. Осы
кезеңде ат әбзелдері мен дөңгелекті көлік жасау
жетілдірілді.
"Әшекейлер көрмесі" Тапсырманы орындау үшін оқушыларға «Адамдар
түсті металдарды өңдеуді қалай жетілдірді» атты
мәтінді оқуды тапсырыңыз. Сабақта «Суреттер сөй-
лейді» стратегиясы бойынша шағын топтық жұмыс
орындалады. Топтарға жеке конверттен таратып
беріңіз. Олар конвертті ашып, ішіндегі суреттің
қиындыларын құрастырады. Сол кезде суреттің
екінші бетінде төмендегідей сұрақтар пайда болады.
Мысалы, "Көшпелілерге түсті металды игеру нелік-
тен қажет болды? Темір дәуірінде зергерлік өнер
қалай дамыған? Көшпелілерде түсті металды қай ке-
зеңнен бастап қолданды деп ойлайсың?" Оқушылар
белгілі бір уақыт аралығында сұраққа жауап беруі
тиіс. Жалпы, бұл тапсырма тақырыпты қорытынды-
лауға бағытталған. Сондықтан сұрақтарды сабақтың
концептісіне байланысты темір мен түсті металға
байланысты құрастырыңыз.
Жауаптары. Ерте темір дәуірінде темірді игеру
арқылы зергерлік өнер дамыды. Шеберлер түсті ме-
талдардан әшекей бұйымдар жасады. Осы уақытта
адамдар түсті металдарды игерудің түрлі әдіс-тәсіл-
дерін жетілдіріп, дәнекерлеу мен полихромдық әдіс-
терді кеңінен қолдана бастады.